Атырау, 6 мамыр 04:34
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«Көлікпен кісі қаққан «дөкейлер» істі ың-шыңсыз бітіруді қалайды». «Психолог қызметін балгерлер атқарып жүр». «Айдос Сарым: «Мәңгілік» – тек құдайға тән». «Рыжий Алмаз кім еді?!.». «Украинаны көкпар еткісі келгендер кім?».

3 050 просмотра

AZATTYQ.ORG.   «Көлікпен кісі қаққан «дөкейлер» істі ың-шыңсыз бітіруді қалайды» - Жол-көлік апатында адам өлтіріп алған шенеуніктер немесе олардың балалары назарға жиі түсіп жүр.

«Ашынған ауған әйелдері ерлеріне қол жұмсайды» - Ауғанстан әйелдерінің отбасында зорлық-зомбылық көретіні туралы жиі айтылады.

«Психолог қызметін балгерлер атқарып жүр» - Қазір экстрасенс, көріпкел-балгер, дуашы-сиқыршы қызметіне сұраныс көбейді.

MAIDAN.KZ    «Айдос Сарым: «Мәңгілік» – тек құдайға тән» - Жалпы өмірді, біз өмір сүріп отырған кезеңді президенттің Жолдауымен өлшеп, оның әр жолынан сыр іздеп, астарына сығалап, ғұмыр кешкен өмірдің құны – көк тиын.

«Ермек Нарымбаевқа ақшаны қайтар деушілер көбейіп кетті...» - Белгілі құқық қорғаушы Ермек Нарымбаевтың Kaspi bank-пен күресі әлеуметтік желілердегі айтыс-керістен сот мәжілісіне ауысты.

«Ағайынды Рысқалиевтер тірі ме, өлі ме?» - Өткен аптада атышулы Аслан Мусин Есеп комитетінің басшысы қызметінен босатылды. Шамасы, оны басқа қызметке ауыстыру жайлы сөз қозғалмағандықтан, бұл кетісті Мусиннің саяси қызметінің аяқталғаны деп бағалау жөн шығар.

«Мен әкемді сағындым...» - «Өзін-өзі үш рет атпаса...» Заманбек 70-ке келеді екен. Жаны жаз болса да, қайырымы қырсық еді ғой: бір өзіне бір емес, үш оқты аямай жұмсап, жөнеп кетті, марқұм...

QAZAQUNI.KZ  «Рыжий Алмаз кім еді?!.» - Жаңа, тәуелсіздіктің кезеңінде «қылмыскер» деген қара ат жамылған, алайда ұлтының рухы бола білген, өмірі өте күрделі, өзгеше тағдыр иесі «Рыжий Алмаз» туралы сөз қозғау қаншалықты ауыр болса да, соншалықты маңызды.

«Төл өнеріміз болмаса да, төрімізге шыққан эстрада өнері» - Теледидардан күндіз-түні көрсетілетін әншілердің бейнесі, олардың орындайтын әндері жасөспірімдер мен жастарымыздың жадыларына жатталып қалған.

AIKYN.KZ  «Украинаны көкпар еткісі келгендер кім?» - Украина азамат соғысының табылдырығында тұр. Елде қалыптасқан жағдайды солай демеске амал жоқ. Тіпті көкпарға тартылған лақтың күйін кешуде. Себебі бір жағында – Ресей, екінші жағында – Батыс тұр.

ALASHAINASY.KZ.  «Қаскелеңде Сәрсенбаевтың өлтірілуіне қатысты сот отырысы жұмысын жалғады» - «Сот отырысы жалғасатыны жарияланады», - деді судья Асқарбек Беймбетов дүйсенбі күні сот отырысын ашып тұрып.

27 қаңтар 2014, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.