AZATTYQ.ORG. «Қыз алып қашқандарды 15 жылға соттауды ұсынды» - Парламент депутаты Светлана Романовская қыз алып қашқандарды қатаң жазалауды ұсынады. Қазақстанда кәмелетке толмаған қыздарды ұрлауға қарсы жазалау шарасын қолдану талай айтылса да, әзірше қолдау таппай келеді.
ABAI.KZ. «”Еуромайдандағы” текетірес: не бел кетеді, не белбеу кетеді» - Украинанада қазір саяси күштердің текетіресі жүріп жатыр.
TURKYSTAN.KZ. «Майданда оқ атылып, адам өлді Янукович тығырықтан қалай шығады?» - Украинадағы жағдайға Ақ үй де алаңдаушылығын білдірді.
«Сынаққа түскен сочи олимпиадасы Ресейде содырлық әрекеттерді өршітуі мүмкін» - Отыздан астам адамның ажалына әкеп соққан лаңкестік әрекеттің кесірі Сочидегі Олимпиада ойындарына тиетін сияқты.
QAZAQUNI.KZ «Кенесары ханның бас сүйегі еліне қайтарыла ма?» - Бұған дейін қазақтың соңғы ханы Кенесарының бассүйегін Ресейден қайтарып алу мәселесі талай көтерілген болатын.
«Түркиядағы саяси дағдарыстың соңы қалай болмақ?» - Өткен жылы Ердоғанға қарсы ұйымдастырылған жаппай халықтық наразылықтан соң, Түркияда тағы да үлкен шу шықты.
RAS.KZ «Рахат Әлиев Бас прокурордың қолын қойған» - Рахат Әлиев өзінің кінәсіздігін дәлелдеу мақсатында жалған құжаттар әзірлеген. Тіпті Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың да қолтаңбасын қолдан жасаған.
ZHEBE.COM «Қырғыз тіліне қатысты дау көбейді» - Тәуелсіз түркі мемлекеттерінің ішінде ана тілге қатысты мәселе тек қазақта ғана емес.
BAQ.KZ «Бұл кiтап 1900 жылы жарық көрiптi» - Мұстафа Шоқайдың Ахмет Байтұрсынов әлiпбиiмен басылған кiтабын көрдiм. Көлемi 100 бетке жуық. Бұл кiтаптың iшiнен Қазақстан халқына әлi беймәлiм Мұстафа Шоқайдың бiраз суреттерiн кезiктiрдiм.
ALASHAINASY.KZ. «Доллар қымбаттай ма, жоқ па?» - Ал сарапшылардың көпшілігі «доллар бағамы жыл соңына дейін 160 теңгеге дейін көтеріліп барып, тоқтайды» деген пікірде.
«Қылмыстық жазаны айыппұлмен алмастыру дұрыс па?» - Қазақстанда адам өліміне себеп болмаған барлық жеңіл және орташа дәрежедегі қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасы айыппұлмен алмастырылмақ.
SHYN.KZ. «Назарбаев неден қателесті?» - Біздің президентіміз Қазақстанды ең алдыңғы қатардағы 30 дамыған елдердің қатарына қосамын деп шарқ ұруда. Рас, оған экономикалық негіз бар.