Атырау, 19 желтоқсан 02:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«“Премьерлер жарысы” немесе Тасмағамбетовтен Терещенкоға дейiн». «Мәсiмов – мемхатшы, Тәжин – елшi...». «Украинада қан төгiлдi». «40 мың жасақ Сочиді террордан қорғай ала ма?». «Биыл Австрияда да Рахат Әлиевке айып тағылады».

2 046 просмотра

ZHASALASH.KZ.   «“Премьерлер жарысы” немесе Тасмағамбетовтен Терещенкоға дейiн» - Өткен жылдың соңында “Рейтинг.kz” дейтiн зерттеу агенттiгi тәуелсiздiк алғаннан бергi Қазақстан үкiметiн басқарғандардың бәйгесiн ұйымдастырып, бiрден сегiзге дейiнгi орындарды үлестiрiптi.

«Мәсiмов – мемхатшы, Тәжин – елшi...» - Сейсенбi күнi президент мемлекеттiк хатшы Марат Тәжиндi “басқа жұмысқа ауысуына байланысты” қызметiнен босатып, президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi Кәрiм Мәсiмовке мемлекеттiк хатшылықты уақытша атқаруды жүктедi.

«Өтембаевтың сотын алдағы дүйсенбiге ауыстырды» - Жәбiрленушiлер бұл жолы сайқымазақ сценарийге жол бермеймiз дейдi.

«Казак “атаман” атандырды, кәрiс “киiт” кигiздi» - Президентке көрсетiлген құрмет – бүкiл қазаққа жасалған құрмет. Олай болса, кәрiстiң киманосын астымызға ат мiнгiзiп, аяғымызға кiлем төсегендей қабылдауға тиiспiз.

«Украинада қан төгiлдi» - Жексенбiден берi Киевтiң Грушевский көшесi тап бiр соғыс алаңына айналғандай.

«Миллиардтардың көкесi – логистикада» - Атышулы «Қазақстан Қағазы» компаниясы логистикалық бизнесiнен айырылып тынды.

AZATTYQ.ORG.   «Жұмбақ кадрлік саясат кейіпкерлері» - Ақорда жоғары лауазым иелерін күрт төмендетіп, я кенеттен сахнаға қайта шығаратын кадрлық саясатының қисынын түсіндірген емес. Сарапшылар бұл саясатты «патшалық дәуір дәстүріне» теңейді.

«40 мың жасақ Сочиді террордан қорғай ала ма?» - Ресей полициясы қысқы олимпиада өтетін Сочиде теракт жасауды жоспарлаған әйелге іздеу жариялады. Сарапшылар Солтүстік Кавказдағы бұл қалада «террорлық шабуыл қаупі жоғары» дейді.

SERKE.ORG.  «Биыл Австрияда да Рахат Әлиевке айып тағылады» - Қазір Рахат Әлиев өзін қорғау үшін ұсынған құжаттарды негізсіз деп тапқан Вена прокуратурасы жәбірленуші тараптың дәлелдерін сараптап жатыр.

AIKYN.KZ   «АҚШ мүддесі: кімге пайда, кімге зиян?» - Әлемнің ең алпауыт державасы – АҚШ мүддесі бүкіл әлемнің түкпір-түкпіріне жайылған.

«Қазақ байлары табысын халықпен бөлісуге дайын ба?» - Қайырымдылық, барыңмен бөлісу адамзаттың табиғатына жат құбылыс емес екен. Егер бұрынғыдан бір мысал келтіретін болсақ, Бөкей ордасында капитализмнің ошағын орнатып, жандандырған Жәңгір ханның еңбегі орасан зор.

ZHEBE.COM   «"Своик "аңдамай сөйлеп, ауырмай өлді"» - Әлеуметтік желіде жас саясаттанушы Мақсат Жақау Петр Своиктің пікірімен келіспейтінін айтып, қарсы пікір білдірген екен.

RAS.KZ   «Ислам Каримов қызы Гүлнарамен татуласты» - Біраз уақыттан бері өзінің үлкен қызы Гүлнараға салқын қабақ танытып жүрген Өзбекстан президенті Ислам Каримов оны биылғы жыл басталғаннан кейін қабылдап, дизайн саласында жасап жатқан жобаларына қолдау білдірді. Бұл  туралы Uznews.net агенттігі хабарлады.

23 қаңтар 2014, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.