Атырау, 22 желтоқсан 11:08
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Лагерден күй кетті

2 222 просмотра

Балалар демалатын "Жас өркен" демалыс орыны осы

 

Индер ауданындағы «Жас өркен» балалар демалыс орнының сәні кетіп тұр.

Өткен жылы пайдалануға берілген «Жас өркен» лагерінің ашылуы облыс әкімі Бергей Рысқалиевті қуандырған жоқ. Кімнің таңдағаны белгісіз, Елтай селосынан екі шақырым қашықтықта орын тепкен лагерь қу далаға салынған. Айналасында бір ағаш жоқ, Жайықтан да алыстау жатыр. Әжетхана далада, канализация жоқ. Сонда бұл қалайша демалыс орнына айналады? Және жаздық лагерь есебінде салынғандықтан үш ай ғана пайдаға асады, қалған кезде құлыптаулы тұрады. Жағдайы келіспеген екі жүз орындық демалыс орны ауданның қажеттілін өтеп тұр ма. Әрине, жоқ. Сол себептен жылужай салып, батреялар жүргізу үшін қаржы бөлінеді деді облыс әкімі.

Лагерьде алпыс тонналық су сақтайтын қазандық бар. Ішіп жеуге, жуынуға, ағаштарды суғаруға осындағы су жұмсалады. Шаруашылық меңгерушісінің айтуынша, қазандықтағы су күн жарымға ғана жетеді. Лагерь Елтайдағы М. Сиранов атындағы орта мектептің балансысында тұрғандықтан мұғалімдерге көп күш түсуде. Биыл жеті жүз түп ағаш егілген. Оны суғаруға мүмкіндік жоқ.

Лагерь құрылысын «СнабОилСтрой» ЖШС жүргізген. Суреттен көріп отырғаныңыздай, лагерьдің қасбетінің біраз бөлігі сыпырылып түсіп қалған. Қабырғалар ырсиып тұр. Жаяу жүргінші жолдары істен шыға бастаған. Біз лагерь меңгерушісін кездестіре алмадық, шаруашылық ісінің меңгерушісі оның бірінші маусымнан бастап жұмыстан кететінін мәлімдеді. Лагерьде жұмыс жасайтын қызметкерлер белгіленбеген.

‑ Әлі он күн уақыт бар. Обьектіні салушы серіктестік екі жылға кепілдігі бар болуына байланысты сыртқы жұмыстарды жасап береміз деп отыр. Ал су құбырын жүргізуге 27 млн. теңге қаралуда. Негізі бұл демалыс орнын үнемі пайдалану үшін жылу жүргізіледі деген болатын облыс әкімі. Ол қаржы жайы шешілсе жақсы болар еді. «Жас өркен» балаларды бірінші маусымнан бастап қабылдайды. Ал ұйымдастыру ісі қолға алынады,‑дейді Индер ауданы білім бөлімінің бастығы Бағытжан МУСАҒАЛИ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА            

Суретті түсірген автор

26 мамыр 2011, 01:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.