Атырау, 19 желтоқсан 02:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ресей биыл да жиырма шақты зымыран ұшырмақ». «Қазақстанға қаптап барайық!». «Болат Өтемұратов не істеп жатыр?». «Қателік пен қапалық...». «Қазақстаны жоқ, Ресейі бар оқулық. Сапа жыры жалғасуда». «Украина екіге бөліну алдында тұр ма?».

2 194 просмотра

AZATTYQ.ORG.   «Ресей биыл да жиырма шақты зымыран ұшырмақ» - «Роскосмос» Байқоңырдың «әлемдегі ең көп зымыран ұшырылатын ғарыш айлағы деген атағын 2013 жылы да қорғап қалғанын» айтады.

«Батыстың экономикалық мүддесі Қазақстанды сыннан құтқарып тұр» - Human Rights Watch халықаралық ұйымы 2013 жылы Қазақстанда адам құқықтары бойынша ахуалдың нашарлай түскенін жазады.

«Хайыровтың баласының қазасына қатысты істе «Арыстан» жауапкер болды» - Шынар Бисенбаеваның баласының өліміне байланысты талап-арызын қараған сот ҰҚК-нің «Арыстан» арнайы жасағын жауапкер деп тану туралы шешім қабылдады.

«Азаров "күш қолданылатынын" ескертті» - Украина премьер-министрі Николай Азаров егер "арандатушылар Киевтегі әрекетін тоқтатпаса үкіметке наразы шерушілерге қарсы күш қолданылады" деген ескерту жасады.

MASA.KZ.  «Жатып ішер жалқаусың, қазақ!» - Осы күндері қазақ жастарының дені қаңғып қалада жүр. Не тұрақты ісі жоқ. Не алған білімі жоқ. Не қаланың тірлігіне икемделу жоқ.

ABAI.KZ.   «Қазақстанға қаптап барайық!» - Қазақты 16 миллион дегелі қанша жыл болғанын білесіздер ме? Неге өспейді бұл қазақ?

«Заманбек марқұмға қастандық жасағандар жауапқа тартылсын!» - Алаштың асыл ұлы Заманбегімізді – Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділовті жалған жаладан арылтуды үзілді - кесілді талап етеміз!

SERKE.ORG  «Болат Өтемұратов не істеп жатыр?» - «Верный капиталдың» ірі акционері болып табылатын қазақстандық бизнесмен Болат Өтемұратов өзінің банктік активтерінің «қандай да бір шоғырлануын» жоспарлап жатыр, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов.

MAIDAN.KZ   «Қателік пен қапалық...» - Кезекті Жолдау оқылды... Маңызды міндеттер жүктелді.

«Қазақстаны жоқ, Ресейі бар оқулық. Сапа жыры жалғасуда» - Қазақ мектептеріне арналған оқулықтардың сапасы жиі сынға ілініп жүр.

«Бұрынғы «сұр кардинал» Мусин неге орнынан алынды?» - Бұл сұрақтың қазір талайды ойландырып, талайды таң қалдырып жүргені анық. Осы мәселеге қатысты Тәуекелдерді бағалау тобының директоры, саясаттану кандидаты, белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев өз ойын білдірді.

ALASHAINASY.KZ.  «Қазақ келінінен Ананди бақыттырақ» - Түрік сериалдарына тойып болдық. Корейлерді көріп болдық. Енді үнділерге ұйып жүрміз. Нағыз «интернационалистпіз» біз. Итке сүйек тастағандай телеарналар көрермендеріне лақтыра салған сериалдарға сілекейіміз шұбырғалы жиырма жылдың жуан ортасы.

«Жеңгетайды желіден іздеген заман-ай» - «Алтын» жеңгемнің маскасы сыпырылып, «мыс» боп шықты...

«Украина екіге бөліну алдында тұр ма?» - Екі жақтың да адамдары қатты зардап шегуде, соған қарамастан қос тараптың ешқайсысы да иілер емес...

22 қаңтар 2014, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.