Атырау, 4 мамыр 18:47
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

«Дедтарға» қатысты сот басталды

1 917 просмотра

Атырауда Ақтөбе гарнизонының әскери соты бірге әскери борыштарын өтеп жүрген жолдастарына қоқан-лоқы көрсеткен төрт жауынгерге қатысты істі қарауды бастады. Жәбірленушілер әскери бөлімді тастап кетуге мәжбүр болған еді.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың 19 тамызында үш әскер қатарына жаңа алынған сарбаз Атырауда орналасқан ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2016 бөлімінен қашып шыққан еді. Келесі күні іздеу тобы оларды «Насиха» сауда орталығы маңындағы иесіз екі қатарлы ғимараттың ішінен тапты. Қашқындар қылмыстық жауапкершілікке тартылмады, өйткені ол қызмет орнында 30 тәулік болмағаннан кейін ғана басталады. Ал қашудың себебін анықтаумен ҰҚК-нің әскери полициясы айналысты. Тексеру барысында жас жігіттерге әскери борышын бұрыннан атқарып келе жатқан төрт сарбаз үнемі қоқан-лоқы жасап, бопсалағаны анықталды және ҚР ҚК-нің 181-бабы («Бопсалау») және 370-бабы («Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу») бойынша қылмыстық іс көтерілді («Қашқындарды тез тапты», «Әскердегі әлімжеттікке шыдамай қашып кеткен»). Енді төртеуі де сот алдында жауап береді.

Батыс өңірлік әскери прокурорының орынбасары Руслан ӘЛМАХАНОВТЫҢ айтуынша, тергеу кезінде айыпталушылардың біреуін қамауға алуға тура келді, өйткені ол жәбірленушілер мен серіктеріне қысым көрсеткісі келді. Егер сотталушылардың кінәсі дәлелденетін болса, олар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады..

Тамара СУХОМЛИНОВА

20 қаңтар 2014, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.