AZATTYQ.ORG. «Әблязовтың экстрадицияланбау мүмкіндігі бар» - Қуғындағы олигарх Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы сот үкімі шыққан Франциядағы заңдар бойынша оқиға енді қалай өрбімек?
«Қазақстанда дін қатты шектелген деп бағаланды» - Pew Research Center ұйымы жариялаған жаңа есепте дінге байланысты әлеуметтік араздық деңгейі тым жоғары елдер қатары алты жылда тым көбейіп кеткен деп көрсетілген.
«Қазақстанның "еркін экономика" индексі бір жылда өзгермеді» - Қазақстан америкалық ұйым жасаған экономикалық еркіндік рейтингінде 67-орын алды. Мұның бір жыл бұрынғы көрсеткіштен айырмашылығы шамалы. Бірақ Ресей мен Қытайдан озған.
AIKYN.KZ «Шырғалаң тағдырлы Шарон» - 86 жасында Израильдің әскери, саяси һәм мемлекет қайраткері, бұрынғы премьер-министр Ариэль Шарон (2001-2006 жылдар) 8 жыл ес-түссіз күйде жатып дүниеден озды. Біреу қуанды, біреу күйінді...
«Бес ел біріге ала ма?» - Орта Азияда жатқан бес республиканы біріктіріп, бір мемлекет құру мүмкін бе?
«Даму кезеңінің бірі басталды» - 2013 жылды шығарып салып, еліміз үшін бұл кезең «жаман болған жоқ» деген сөз тіркесімен нүкте қойдық.
ZHEBE.COM «Тендеріңді алғаны, табаққа қолды салғаны» -Кеден одағы аясында бір елдің компаниялары екінші елде өтетін тендерлерге қатысуы мүмкін. Ал еліміздің ұлтшыл азаматтары бұл бастамаға қарсы.
TURKYSTAN.KZ. «Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне кім кедергі?» - Қазақстанның Дүниежүзі сауда ұйымына кіруі Ресей өнім өндірушілеріне қауіп төндіреді дейді сарапшылар.
«Бойкүйез банк» - Премьер-министрдің қатаң сынына ұшырады.
MINBER.KZ «Түйенiң жүнi Сталинге не үшiн керек болды?» - «Сенi Сталин шақырып жатыр» деген хабар алады. Жүрегiм зырқ ете түстi дейдi.
NUR.KZ. «Білім саласын тағы ауқымды реформа күтіп тұр» - Білім саласын тағы реформалаймыз деп Мәжіліске келген Үкімет мүшелері бүгін тағы сынға ұшырады.
«Ермек Нарымбаевтан көмек сұрағандар енді өзіне қарсы шықты» - "Kaspi bank" салымшыларының құқын қорғап жүрген Ермек Нарымбаевты "алаяқтықпен айналысты" деп айыптауда.
«Қазақ жігіттерінің арасында альфонстар көбейді» - Әлеуметтанушы мамандар көздегені жайлы тұрмыс, алайда белдерін ауыртып, ақша тапқысы келмейтін еркектердің көбейіп бара жатқандығына алаңдаулы.
ANATILI.KZ. «Неслихан Мұстафақызы: “Үйіміз Қазақстанда болады деуші еді”» - Мұстафаның басты қасиеті – ол қай жерде жүрсе де, өзінің қазақ екенін айтудан жалықпаған, мақтан тұтқан.