Атырау, 26 қараша 19:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Әмір Исмағұлов: «Сотқа дейін Бостонда боламын»

1 840 просмотра

Әмір Исмағұлов. Сурет Reuters сайтынан алынған.Әмір Исмағұлов. Сурет Reuters сайтынан алынған.Бостон марафонындағы жарылыстарды тергеуге кедергі келтірмек болды деп айыпталған қазақстандықтар Диас ҚАДЫРБАЕВ пен Азамат ТӘЖАЯҚОВҚА қатысты сот тыңдауы осы жылдың 23 маусымына белгіленгені мәлім болды.

Біз қазір Бостонда тұрып жатқан А.Тәжаяқовтың әкесі, атыраулық кәсіпкер әрі қалалық мәслихаттың депутаты Әмір ИСМАҒҰЛОВҚА телефон арқылы хабарластық.    

- 15 қаңтар күні өткен алдын-ала сот тыңдауында судья Дуглас Вудлок негізгі сот процесін 23 маусымға белгіледі.

- Алдында сот процесі 2015 жылдың қаңтарында басталуы мүмкін деген ақпарат тарады...

- Иә, прокуратура сот процесін сол уақытқа белгілеуді сұраған болатын. Бірақ біз бұған мүлдем қарсы болдық. Біздің адвокаттар сот процесінің одан бұрын бастауын сұрады. Біздің балалар неге бостан-босқа тағы бір жыл қамауда отырулары тиіс? Судья да осылай дей келе, Америка халқы бұл істегі шындықты ертерек білулері тиіс екендігін айтты.

- Тергеу ісінің уақыты тым созылып кеткені байқалады.

- Прокуратура өкілдері басында бізге балалардың кінәсін дәлелдейтін дәйектер анықталмаса, бұл туралы басшылыққа айтып, оларды босататынын айтқан болатын. Алайда, нәтижесінде тергеу уақыты бірнеше көп айға созылып кетті. Мәселен, тергеу ісінің материалдарында Азаматтың қай мейрамханаларға барғаны және қандай тамаққа тапсырыс бергені жөнінде мәліметтер бар. Судья менің ұлымның не ішіп-жегенін қайтеді? Осыған байланысты біздің тараптан іске қатысы бар ғана материалдарды тіркеуді сұрап өтініш бергелі отырмыз.

- Сіз Бостоннан әзір кетпейсіз ғой?

- Жоқ. Біз қазір Бостоннан шығып кетсек, бізге кейін қайтадан виза алу қиын болады. Диастың анасы да сот процесіне қатысу үшін Алматыдан осында келгісі келген, бірақ оған виза алудан қиындық туып отыр. Сондықтан, тәуекелге бел буып қайтеміз.

Айнұр САПАРОВА

17 қаңтар 2014, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.