Атырау, 24 қараша 03:46
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Хамид Карзай жеті баланың өліміне АҚШ-ты кінәлауда

1 491 просмотра
Ауғанстан президенті Хамид Карзай елдің орталық бөлігіне әуеден соққы жасаған АҚШ-ты бір әйел мен жеті баланың өліміне кінәлі деп айыптап отыр, деп хабарлайды ВВС.

 Карзайдың айтуынша, америкалықтар кезекті рет бейбіт тұрғындардың үстінен бомба тастаған.

АҚШ басқарған халықаралық коалиция үнсіз қалмай, аталмыш айыптауға қатысты өз жауабын ұсынды. Олардың берген мәліметінше, көтерілісшілер ауған қауіпсіздік күштері өткізген операция қатысушыларына шабуыл жасап, салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Қазіргі уақытта Кабул мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас күрделеніп кетті. Оған Карзайдың биыл Ауғанстаннан коалиция күштерін шығарғаннан кейін Америка әскерінің бір бөлігін елде қалдыруға рұқсат беретін қауіпсіздік жөніндегі келісімге қол қоюдан бас тартуы себеп болып отыр. 

Дереккөз: bnews.kz

16 қаңтар 2014, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.