Атырау, 17 қаңтар 08:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Шоқындыру мерекесі күндері аяз бола ма?

2 506 рет қаралды

…Аяз болады. «Православиелік Шоқындыру мейрамы кезінде, яғни, 19 қаңтарда күн салқындайды», - дейді «Қазгидромет» РМК филиалының бас синоптигі Күлайна МЫРЗАШЕВА.

Қыс орталап қалды. Ал Атыраудың нағыз суығы әлі басталған жоқ. Қыстың өткен бөлігіндегі орташа температура 2 градус аязды құрады. Бұл көпжылдық орташа мәннен 5-7 градусқа жоғары. Міне, Дамбыдағы Приморский каналының мұзы да еріп кетті (суретте). Жайық сағасы мұзға құрсанған, бірақ сүйменнің бір соққысына шыдамайды. К.Мырзашеваның айтуынша, 19 қаңтардан бастап облыстағы ауа температурасы 6-11 градус аязға дейін, ал облыстың солтүстік бөлігі 16 градусқа дейін төмендейді. Облыс аумағында ақпанның 20-сыншы жұлдызына дейін ауа температурасы 15-20 градус деңгейінде болады. Ақпанның үшінші онкүндігінде күн қайтадан жылынады деп күтілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

16 қаңтар 2014, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.