Атырау, 26 қараша 19:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Әмірлікте ұсталғандар үйлеріне оралды

1 796 просмотра

Әбу-Даби полициясы. Сурет Ytro.ru сайтынан алынған.Әбу-Даби полициясы. Сурет Ytro.ru сайтынан алынған.Бүгін таңертеңгі әуе рейсімен өткен жылдың қазанында Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталған жастар Атырау жеріне аяқ басты. Қазақстандағы ресми тұлғалардың оларға ауыр қылмыстар бойынша айып тағылды деп таратқан мәліметтеріне Әмірлікте ұсталғандар ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуда») қарамастан, олар бостандықта жүр.

Ұшақ баспалдағынан түскен бойда сағат 10.20-да оларды туыстарының мәліметтерінше, ҰҚК департаментіне алып кеткен. Олардың айтуларынша, туыстары ұлдарымен бүгін кешке дейін көріспек.

Атыраулық Мырзабек ҚАУЫТБАЕВТЫҢ анасы Айгүл ӘБУҒАЛИЕВА алғашқы күннен бастап ұсталған қазақстандықтардың кінәсіз екенін растаған болатын. Тіпті ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган МЕРКЕЛЬ 21 қарашада «Онда әртүрлі қылмыстар бар: кісі өлтіру, экономикалық қылмыстар, ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшылары, әртүрлі қылмыстар бар. Әзірге ондағы біздің 10 азаматтың ішінде бірде-біреуіне қатысты экстрадициялау бойынша оң шешім қабылданған жоқ», деп Әмірлікте ұсталған қазақстандықтар тобына ауыр қылмыстар жасады деген айып таққан араб құқыққорғау органдарымен де келіспеді.

Желтоқсанда ұсталғандардың отбасы Дубайға барып, БАӘ-дегі ҚР елшілігінің қабылдауында болды.

- Елшіліктегілер сол кезде бізге ұсталушыларға ешқандай кінә тағылмағанын, мұның жай ғана әлдебір тексеру екенін, кешікпей оларды босататынын айтқан еді, - дейді Әбуғалиева.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай Әмірлікте алғашқы боп Атырау тұрғыны ұсталды»), 25 қазанда Әбу-Даби әуежайында алғашқы боп Атырау тұрғыны Мырзабек Қауытбаев ұсталып, ал 30 қазанға қараған түні күш қолдану арқылы тағы 12 атыраулық пен оралдықтар (басқа мәліметтер бойынша 13) ұсталған болатын. Полиция ұсталушылардың мекен-жайынан табылған компьютерлер мен ұялы телефондарды тәркілеп алды.

Тіпті жаппай ұстағаннан кейін 4 апта өтсе де ұсталушылардың қай жерде екені туралы және қамауға алудың заңды негіздері туралы араб тарапы ешкімге, тіпті ҚР елшілігі мен ҚР Сыртқы істер министрілігіне де ешқандай ақпарат бермеген еді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 қаңтар 2014, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.