Атырау, 6 мамыр 04:04
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«Еуропаны шулатқан Қазақстан Стокгольм сотында ұтылды». «Қажыгелдин: Әблязов өзiн қылмыскер тәрiздi ұстады». «АҚШ-та Тәжаяқов пен Қадырбаевтың соты белгіленді». «Заманбек Нұрқаділов қандай адам еді?».

2 939 просмотра

ZHASALASH.KZ.  «Еуропаны шулатқан Қазақстан Стокгольм сотында ұтылды» - «Қазақгейтi» бар, қашқын шенеунiктерi бар әйтеуiр жаһан жұртына жемқор ел ретiнде танылған Қазақстан Еуропаны тағы да өзiне қаратты.

«Әблязовтiң экстрадициясына нүкте қоюға әлi ерте» - Сейсенбi күнi бiр топ қоғамдық белсендi Алматыда орналасқан Францияның Қазақстандағы елшiлiгiне барып, Әблязовтi экстрадицияламау жөнiндегi талап хаттарын консулға табыс еттi.

«Қажыгелдин: Әблязов өзiн қылмыскер тәрiздi ұстады» -  “Мұхтардың басты проблемасына айналған нәрсе – оның Қазақстандағы iсi емес, Ұлыбританияда жасаған әрекетi”.

 «Анашаның иiсi» - «Дариғаның пайымы да, уайымы да – қарасора. Кешегi сөзiн естiген адам әлбетте осылай ойлайды».

AZATTYQ.ORG.    «Тұтыну несиесінің қарызы дағдарысқа ұрындыруы мүмкін» - Тұрмысқа қажет заттарды несиеге сатып алуды әдетке айналдырған қазақстандықтардың банктерге қарызы екі триллион теңгеден асқан.

«АҚШ-та Тәжаяқов пен Қадырбаевтың соты белгіленді» - АҚШ-та 2013 жылы жазда Бостон марафонында болған жарылысқа қатысты айыпталған қазақстандық Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаевтың соты маусымның аяғында басталады.

«Қырғызстан дүрбелең алдында тұр ма?» - Қырғызстан басшылары елдің екінші ірі қаласы Ош билігіне Мелис Мырзакматовты келтірмеуге тырысып бақты.

«Болжам Ирак пен Сирия келешегін сан-саққа жүгіртеді» - Сирия мен Иракта зорлық-зомбылық көбейді. Сарапшылар «екі ел шекарасын қайта белгілеу қажет бола ма» деп алаңдайды.

«Зейнетақы қоры қызметіне сын айтылды» - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Алматыдағы бөлімшелерінде жұрт ұзақ-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Қор басшылығы кінәні «компьютер жүйесіндегі ақауға» аударады.

AIKYN.KZ  «Шоқан Уәлиханов барлаушы болған ба?» - Саяхатшы, ағартушы және этнограф Шоқан Уәлиханов орыс патшасының барлаудағы офицері болған. Әйтсе де оның біз білмейтін тыңшылық әрекеті құпия сақталып келеді.

«Тәуелсіз ақпараттық сана қашан қалыптасады?» - Тәуелсіздік үшін ұзақ күрес жолында ата-бабаларымыз да, егемендікке Алланың қалауымен қол жеткізген біздің ұрпақ та «ресейлік ақпараттық экспансия мен құлдық санадан қашан арыламыз, қазақ тілін қалайша дамытамыз» деп толғанып-ақ келеміз.

ABAI.KZ.   «Заманбек Нұрқаділов қандай адам еді?» - Ал, Қайрат Нұрқаділовтың дәл әкесіндей ұлт перзенті дәрежесіне дейін көтеріле ала ма, жоқ па, оған сәуегейлік жасай алмаймын. Тірі тұрсақ, ол жағын да көре жатармыз деп ойлаймын...

ALASHAINASY.KZ.  «Ел басқарған ағамды жеңгем билеген соң не шара?...» - Әйтпесе, су жаңа сүліктей қызметтік көліктер дүкен, балабақша, мектеп аралап кеткен-ді... Ірілі-ұсақты шенеуніктерді кеңсеге тастап... өздері қыдырып кете беретін... үлде мен бүлдеге оранған жеңгелерімізді салып алыыеееп...

«Депозиттердің сыйақысын көтеретін кезең жетті ме?» - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры  қарапайым халыққа ұсынатын депозиттерінің сыйақысын өсіруге талпынғаны жөн.

ZHEBE.COM    «Қазақстан банктері енді ипотека бермейтіні рас па ?» - «Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер жаңа жылдан бастап ипотекалық несие беруді уақытша тоқтатты» деген қауесет гу ете түсті. Әрине, халық арасында.

16 қаңтар 2014, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.