Атырау, 29 қыркүйек 14:33
 ашықВ Атырау +18
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Аудан жаңалықтары

1 984 просмотра

Филиал ашылды

Құлсары қаласындағы «Вокзал» ықшам ауданынан аудандық емхананың күндізгі ауруханасы ашылды.

- Бұрын «Вокзал» ықшам ауданының тұрғындары дәрігерге қаралу үшін қалаға қарай сабылатын. Енді алысқа барудың қажеті жоқ, біз ғимаратты жалға алып, күндізгі аурухана аштық, - дейді Жылыой ауданы ауруханасының бас дәрігері Қуаныш ӨТЕГЕНОВ.

***

 

Ұрылар тұтылды 

Жылыой ауданына қарасты Теңіз кенішінде кабель ұрлаушылардың тобыры ұсталды.

Жылыой аудандық ІІБ бастығы Руслан АДИЛОВТЫҢ айтуынша, «Даларо» ЖШС және «Сичим» ЖШС жұмысшыларының кабельдерді ТШО-ның күзетшілерімен бірлесіп ұрлағандығы анықталып отыр. Қазір төрт адамның үстінен ҚР ҚК-нің 175-бабы бойынша («Ұрлау») қылмыстық іс көтеріліп, тергелуде.

Кеніште бұрын да бірнеше рет кабель ұрлау фактілері тіркелген, алайда ұрылар осы уақытқа дейін өздерін ұстатпай жүрген болатын.

***

 

Депутат ақша қымқырды

Мақат аудандық прокуратурасы «Балбөбек» балабақшасы МКҚК-нің үстінен қылмыстық іс көтерілгенін хабарлады.

2007 жылы балабақша меңгерушісі мен жеке кәсіпкерлердің бірінің арасында 2 млн 440 мың теңгеге жиһаз, ыдыс-аяқ және т.б. тауарларды сатып алу және жеткізу келісімшарты жасақталып, аталған сома толығымен тапсырыс беруші мен жеке кәсіпкердің есепшотына аударылған. Алайда, Атырау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекцясының актісіне сәйкес, көрсетілген келісімшарт бойынша 1 млн 178 мың теңгенің жұмыстары орындалмай, мемлекетке залал келтірілген.

Аталған факті бойынша Мақат аудандық прокуратурасы «Балбөбек» балабақшасының лауазымды адамдарына қатысты ҚР КҚ-нің 307-бабының 1-бөлімімен («Қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану») қылмыстық іс көтеріп, іс материалдарын тергеу амалдарын жүргізу үшін облыстық қаржы полициясына жолдады.

- Меңгеруші жасаған қылмыс рақымшылық туралы заңының күшімен қысқартылуға жататындығы ескеріліп, ҚІЖК бойынша іс өндірістен қысқартылды. Дегенмен, біз оны жұмыстан босату жөнінде ұсыным бердік, -дейді Мақат ауданы прокурорының орынбасары Досбол БАҒЫТЖАНОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.