Өткен жылы ҚР-ның кейбір заң актілеріне (Азаматтық кодекс, Салық кодексі, «Бәсекелестік туралы» Заң, «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заң, «Лицензиялау туралы» Заң және т.б.) бәсекелестік мәселелері туралы өзгерістер енгізілді.
Қалалық әкімдікте мемлекеттік кәсіпорындардың екі жыл ішінде осы түзетулер күшіне енген күннен бастап монополияға қарсы органнан өзінің әрі қарай қызмет етуіне оң қорытынды алуға міндетті екенін түсіндірді. Оң қорытынды алмаған мемлекеттік кәсіпорын жекешелендірілуі немесе мемлекеттік мекеме болып қайта құрылуы тиіс.
Бұл кәсіпкерлік қызметке мемле-кеттік қатысуды азайту мақсатында және КМК қызметіне бюджеттік қатысудың орынды болуы үшін жасалып отыр.
Бүгінде Атырауда 4 КМК бар: «АтырауСуАрнасы», «Арнаулы автобаза», «Атырау қалалық ветеринарлық станса» және «Қалакөркемдеу». «АтырауСуАрнасы» мен «Атырау ветеринарлық станса» әрі қарай жұмыс істеу үшін Монополияға қарсы инспекцияның келісімін алды. «Арнаулы автобаза» қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару және санитарлық тазарту саласында ЖШС түрінде әрі қарай қызмет істеуге келісім алды. Қазіргі кезде КМК-ден ЖШС-ге қайта ресімделу процедурасынан өтуде. «Облыста визуалды ақпарат және ресімдеу, сыртқы жарнама құралдары арқылы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді түсіндіру» қызметімен айналысатын «Қалакөркемдеу» КМК бойынша қалалық әкімдік тарату туралы қаулы шығарды.
Тамара СУХОМЛИНОВА