ҚР мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінде жақында өткен селекторлық кеңесте жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарларын «сын көтермейтін деңгейде» орындаған кәсіпорындардың арасында «Атырау жылу жүйелері» АҚ да аталды – оның балансындағы барлық құбыр желілері-нің 2,2%-ы ғана жөндел-ген. Біз осы мәселелерге байланысты «Атырау жылу желілері» АҚ («АЖЖ» АҚ) президенті Нұрадин ШАМШАТОВҚА (суретте) бірнеше сауал қойдық.
- 2013 жылы жөндеуден өткен жылу желілерінің ұзындығы қандай?
- «АЖЖ» АҚ 2013 жылға жоспарлаған жылу желілерін күрделі жөндеу көлемін толықтай орындады. Ауыстырылған құбыр желілерінің жалпы ұзындығы 37,3 шақырымды құрады, бұл – біздің балансымыздағы жалпы жылу желілері ұзындығының (424,5 шақырым) 8,8%-ы. Олардың ішінен күрделі жөндеу бағдарламасы бойынша 33,4 шақырым жоспарланса да, нақты орындалғаны 34,1 шақырым, инвестициялық бағдарлама бойынша 3,2 шақырымды құрады.
- Мүмкін, Энергетикалық қадағалау комитеті 2014 жылға жоспарланып отырған жөндеу көлемінің 2013 жылға қарағанда төмен екендігін айтып отырған шығар?
- Осы жылдың жоспарына 36,8 шақырым құбыр желілерін немесе жалпы ұзындықтың 8,5%-ын ауыстыру енгізілді. Бұлардың ішінде 5,6 шақырымы - магистральды желілер (барлық ұзындықтың 7%-ы). Энергетикалық қадағалау комитеті көрсеткен 2,2% -қате ақпарат. Бұл біз үшін небары 9,3 шақырым құбыр желісі деген сөз, ал нақты сандарды мен сізге жоғарыда айтып өттім.
- Осы жылу беру маусымы басталғаннан бері жылу беру және ыстық сумен қамту желілерінде қанша ірі жарылулар болды?
- «АЖЖ» АҚ жылу желілерінде ірі жарылуларға, қандайма бір күрделі апаттар мен бұзылуларға бірнеше жылдан бері жол берілмей келеді. Жылу беру маусымы штаттық режимде өтіп жатыр.
- «АЖЖ» АҚ-ның жылу инспекциясына тұрғындардан қанша шағым келіп түсті?
- Жылу инспекциясына сапасыз жылу беру және ыстық сумен қамтамасыз ету бағытында шағымдар түсіп жатыр. Олардың барлығы тіркеліп, жылу инспекциясы, «АЖЖ» АҚ, «Атырау ЖЭО» АҚ-ның жылу қуатын өткізу қызметі өкілдерінен және шағымданушыдан құралатын комиссия қарайды. Жылу беру маусымы басталғаннан бері инспекцияға27 шағым келіп түсті. Олардың бесеуі – Привокзальный 5-ықшамауданы, №21 үй, Черняховск көшесі, №4 үй және т.б. мекенжайлар бойынша сапасыз ыстық сумен қамтуға қатысты. Сапасыз жылу берумен байланысты Азаттық даңғылы, №163 үй, Махамбет көшесі, №112, Сәтпаев даңғылы, №48 үй және т.б. мекенжайлар бойынша 22 шағым түсті. Барлық шағымдар бойынша шаралар қабылданды. Тікқұбырларда ауаның қалып қоюы, жылу тікқұбырлары бойынша айналыстың жоқтығы, ПИК және тұрғындардың өздері жүргізген жөндеуден кейін ішкі айналым құбырларының бітеліп қалуы сияқты үйлердің ішкі жылу беру жүйелеріндегі ақаулар жылымаудың басты себептері болып табылады. Бұл жерде біздің кінәміз жоқ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ