Атырау, 26 қараша 19:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бекеттер қысқартылды

2 604 просмотра

Өткен жылдың аяғында Атырауда 27 «Нұр Отан» партиялық бақылау бекетінің 12-сі жабылған болатын.

- Біздің мониторинг олардың бәрінің бірдей қажеттілігі жоқтығын көрсетті, - дейді «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төраға-сының бірінші орынбасары Қанат ӘЗМҰХАНОВ. - Мәселен, «Бірыңғай ұлттық жүйе» жобасы бойынша бекеттер жабылды. Тәжірибе көрсеткендей, ауруханалардағы партиялық бақылау бекеттерінде орнатылған шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер көбіне-көп бос тұрады. Себебі, халық көбіне біздің 51-96-66 сенім телефонының нөміріне хабарласады немесе партия филиалының қоғамдық қабылдауына келеді. Сондай-ақ, ХҚКО-дағы бекеттер жабылды. Өйткені, мұнда бейнекамералар орнатылған әрі онда көрсетілетін қызметтер сапасын бақылап отыратын мониторинг бөлімі бар. Негізінен бюджет қаржысы бөлініп жатқан құрылыс нысандарындағы, сонымен бірге, салық комитеті департаменті мен ІІД әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан жұмысы бөліміндегі бекеттер қалдырылды.

Айнұр САПАРОВА

16 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.