Атырау, 6 мамыр 06:17
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Терроризмнің «ата-бабасы» қайда жатыр?". "Министр сөзінде тұра ма?". "Асанәлі Әшімов қалай алданып қалды?". "АҚШ-ты бөгде ғаламшардан басқарады". "Заң жүзеге асса, 5 млн. қазақтан тірідей айырыламыз".

2 083 просмотра

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. «Терроризмнің «ата-бабасы» қайда жатыр?» - Қазір жер бетіндегі алпауыт мемлекеттер, әсіресе Америка, Батыс Еуропа мемлекеттері, Израиль және Ресей жиі қолданатын «терроризм», «исламизм» деген термин сөздер бар.

«Заң жүзеге асса, 5 млн. қазақтан тірідей айырыламыз» - "Бұл менің ғана емес, сырттағы, іштегі «әрбір қазақ — жалғызым» деп ұғынатын миллиондаған бауырларымыздың күдігі мен күйігі. «Құдай бетін әрмен қылсын!» — деп жақсылыққа жорығанмен, бұл — ақиқат. Ел анасы ретінде басымды иіп, райыңыздан қайтып, оралмандарға төрт жыл кешіктіріліп азаматтық берілетін заң жобасын қайта қарауыңызды өтінемін".

«Бекболат неге ресми тілге жүгініп жүр?» - Иә, қазақтың салт-дәстүрі  мен тілі үшін отқа да, суға да түсуге даяр, Қазақстанның ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан соңғы уақыттары  ресми тілге жиі жүгінетін болып жүр.

QAZAQUNI.KZ. «Алтынбек Сәрсенбайұлына жасалған қастандық іске қатысты сот болмақ» - Талдықорғандағы Алматы облысының қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотында өткен алдын ала сот тыңдауы тағы да заңсыздықтармен басталды. Дәл 2006 жылғы сорақы сот кезiндегiдей. Сот тыңдауы жабық өтетiнi хабарланған жоқ. “Сотқа Өтембаевты әкеледi” деген­дi естiгенiмiзбен, оны көре алмадық. Журналистердi арнайы құрылғымен бастан-аяқ тексерген соң қой қайырғандай жан-жағымыздан қақпалап, бiр бөлмеге апарып қамап қойды. Таңғы оннан өте басталған сот бесiнде аяқталды».

ALASHAINASY.KZ. «Министр сөзінде тұра ма?» - Өткен жылдың соңында ауылшаруашылығы вице-министрінің парамен ұсталғаны белгілі. Осы ыңғайсыз жағдайдың ертеңінде ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Фейсбуктегі жеке парақшасында өз қарамағындағы Мүсілім Өміряевтың айыпты екендігіне сенбейтінін, оның арандатушы әрекет болып табылатындығына көзі әбден жететіндігін, сондықтан шенеуніктің кінәсі нақты дәлелденсе отставкаға кететіндігін мәлімдеген еді. Міне, аталған уақиғаның орын алғанына арада бір ай өтпей жатып таяуда ғаламторда Қаржы полициясы тіркеген бейнежазба пайда болды.

«Жюриі» жалпақшешей, әншісі қайдан күміс көмей болсын...» - Концертті кіжінбей, шоуды шыж-быж болмай көре алмайтын халге жеттік. Жеткізді. Әсіресе әнші емес-ау, ыңылдай алатын адам cахнаға шықса, «қарағым, киелі орынды сыйла» деп оның дауыстық мүмкіндігінің кем-кетістігін талдаудың орнына, әлі ешкім танымайтын әлгіні жан-жақтан жаппай мақтап, тіпті «сенің табаныңа кірген шөңге менің маңдайыма қадалса етті» дегенге сәл-ақ қалатын қаз-қатар отырған қазыларды көрсек, арқамыз қозатын болып жүр осы күні.

QAZNEWS.KZ. «Асанәлі Әшімов қалай алданып қалды?» – Әйгілі ардагер актер Асанәлі Әшімов Қайрат Нұртастың «Өкініш» фильміне түскен кезде алданып қалғанын айтады. Тіпті актер бұл фильмде өзінің ойнағанын білмеген екен.

«Бердібек Құлғараев: Алмасты айыптағым келмейді, бірақ…» - Қазақ жұртының қызығушылығын оятқан «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Қазақстан дауысы» байқауының жартылай финалы жексенбіде өткен болатын. Алайда көрермендер тәлімгерлердің таңдауымен келіспейтінін айтып, біраз сынға алды. Әсіресе, әлеуметтік желілерде отырғандар жартылай финалда әділетсіздікке жол берілгенін жарыса жазды.

«Мәжіліс қашан «жасарады»?» - Мәжіліс депутаттарына қатысты сын да, сыпсың сөз де өте көп айтылады. Олардың атқаратын жұмысынан басқа үй-жайы, көлігі, балалары деген секілді дақпырттардың сан түрлі сериясын «күнәһар» құлағымыз үнемі естіп жүргені жасырын емес. Қанша жерден қажетсіз болса да, осындай ауандағы әңгімеге еріксіз құлақ түріп, естігіміз келіп тұрады-ақ. Айта берсе, депутаттардың арасында небір мықтылар, өз саласының білгірлері бар, қала берді аузынан сөз шықпайтын «мылқаулар» да табылады. Тегінде олардың дені орта жастағылар.

SKIFNEWS.KZ. «Бала тілі неге бал болмай тұр?» - Тілі өте шұрайлы қазақ халқының бүгінгі ұрпағы сөзге шорқақ. Әдемілеп әңгіме айтуды былай қойғанда, қарапайым тілек айтудың өзі «не дейміз енді...» дегеннен ары аспайды. Жас сәбилердің тілі де кеш шыға бастады. 4-5 жастан асса да әлі былдырлап, дыбыстарды өте өрескел бұзып айтатын жеткіншектер қатары тым көп. Бұл жағдай елімізде логопедтерге деген сұранысты көбейтіп отыр.

«Біз – Далақбайдың ұрпағымыз!» - Мәселенің бірден басын ашып алайық, «біз» дегенде мен жалғыз өзімді айтып отырған жоқпын. «Біздің» ішінде ол да бар, сіз де барсыз, яғни бәріміз де Далақбайдан тараймыз. Жарайды, біреуміз Жүсіпбайдан тамыр тартатын шығармыз, енді біріміз Орынборда үш жыл «подкурста» оқыған тілмаштың ұрпағы болармыз... Бірақ, бәріміздің бірдей Қабанбайдан, Бөгенбайдан, хан Абылайдан, басқа да есімдері белгілі, белгісіз көп тектіден тарамағанымызды мойындауға тура келеді. Мойындамайтын да ма едік...

«Кәсіподақ дегендер қайда жүр?..» - Бізде осы жұмысшылардың құқын қорғайтын біреу бар ма? Бар болса, қайда? Осындай өте қарапайым сұраққа да жауап іздейтін болдық. Себебі, айлық жалақысын ала алмай, не болмаса жұмыстан еріксіз қысқартылып, қала берді, сол жұмысқа орналасу үшін, тіпті, қызмет орнын сақтап қалудың өзіне пара тықпалап жататындар жайлы жиі естиміз. Бірақ, солардың жағдайын ойлап, осыларға болысайын деген біреуді білеміз бе? Неге осындай дау-шарлар кезінде біздегі кәсіподақ қауымдастықтары атойлап шықпайды?

ULT.KZ. «Ақ жол» партиясының интернет сайты бұзылды» - «Бұл ақпараттық арандатушылықтың  нәтижесінде сайттағы «Ақ жол» партиясының ағымдағы қызметі туралы, көкейтесті мәселелер бойынша партия мүшелерінің 2013 жылдың  соңынан бастап, соңғы бастамаларын және сөздерін қоса алғанда,  материалдары оқшауланып отыр».

«Дәурен Қуат: Бекеңмен ортамызға от салатын адамдар көп сияқты» - Бекболат туралы «Абай.кз» ақпараттық порталында бірде бір сын мақала жоқ. Айналайын-оу, «Сен Бекболат Тілеуханды уахабист, елдің жауы деп жазыпсың, мақалаң міне» десе жауапкершіліктен жалтарып, қайтпекпін?

AZATTYQ.ORG. «Иран баспасөзі: «АҚШ-ты бөгде ғаламшардан басқарады» - Иранның жартылай ресми ақпарат агенттігі ағылшын тіліндегі сайтына АҚШ туралы күмәнді мақала басты. Агенттік АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатын 1945 жылдан бері «бөгде ғаламшарлықтар басқарады» дейді.

15 қаңтар 2014, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.