Атырау, 6 мамыр 09:16
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Калашниковтың өмірден өтер алдындағы өкініші". "Ресейлік сарапшыларды қобалжытқан Қазақстанның қай әрекеті?". "Зар жылатқан «жасырын пайыздар". "Еркек ез, әйел би, ал балалардың ертеңі бұлынғыр". "Жоғары билiкте қастандық орын ала ма?".

2 087 просмотра

MASA.KZ. «Жұмаш Көкбөрі. Орыстың үрейі бір ұшса, орысқұлдардың үрейі екі ұшады» - Қазақстанның 2014 жылы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болатын түрі бар. Мұны Батыс пен АҚШ қалап отыр. Ал, орыстарға ол ұнамайды. Себебі, айтқанына көніп, айдауына жүретін Қазақстан сияқты мемлекетті орыстар уысынан шығарғысы келмейді. Ана өз көлеңкелерінен өздері қорқатын Қазақтың орысқұл шенеуніктерінде тіпті, зәре жоқ! Өйткені, орыстар олардың қоясын ақтарып салады!

«Ауыр қылмыс жасамасаң болды, айыппұл төле де жүре бер» - Бүгін, яғни қаңтардың 14-і күні Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің кеңейтілген отырысында Қылмыстық кодекс жобасының жаңа редакциясы талқыланған болатын. Жобаны таныстырған ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель  «Кісі өліміне соқтырмаған орташа ауыр және ауыр емес қылмыстардың бәріне айыппұл салынады» деді.

TURKYSTAN.KZ. «Тұржанов "кінәсізбін" дейді». - Кеше Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваға қатысты сот отырысы болып өтті. Бұл жолы Мешімбаеваның сыбайласы ретінде 9 жылға сотталған «Киік» фирмасының жетекшісі Серік Тұржанов Қарағандыдағы абақтыдан жеткізілді. Ол тергеу кезінде «Тергеушілер басыма қап кигізіп, аяусыз соққыға жықты. Қоқан-лоққы көрсетті. Мешімбаеваға қарсы шығу үшін буындырды. Сөйтіп, қылмысты мойныма ілді» деген уәж айтты. Іле-шала өзінің сүттен ақ, судан таза екенін айтқан Серік Тұржанов абақтыдан босатуды талап етті.

«Зар жылатқан «жасырын пайыздар» - Несие алушылардың ортақ мәселесі – пайыздық үстеме. Келісімшартта көрсетілген пайыздан басқа уақыт өте келе тағы да жалмауыздай болған жасырын пайыздар шыға келеді. Онсыз да жиған-тергенін екі еселеп қарызға құйып отырғандарды зар жылататын банктер тонаумен айналысатындай.

AZATTYQ.ORG. «Польша консерваторлары «поляк концлагері» тіркесіне наразы» - Польшаның консерватор депутаттары «Гитлердің Польша аумағында салған лагерлерін «поляк лагері» деп атағандарды заң жүзінде жауапқа тартуды» ұсынды.

«Үйде жәбір көрсеткендер енді абақтыға қамалады» - Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң актілеріне түзетулер енгізілді. Бала-шағасының шырқын бұзатындар енді айыппұлмен ғана құтылмай, абақтыға да қамалады.

ZHASALASH.KZ. «Мұсабаев: Бiз Ресейдiң Байқоңырда мәңгiлiк қалғанын қалаймыз» - “Қазғарыш” агенттiгiнiң төрағасы Талғат Мұсабаев ресейлiк “Известия” басылымына берген сұхбатында “Қазақстан Ресейдiң Байқоңырда қала бергенiн қалайды, Қазақстандағы ақыл-есi түзу адамның бiрде-бiрi Ресейдiң Байқоңырдан кеткенiн құп көрмейдi” деп мәлiмдедi.

«Заманбек заңдылықтары» - Заман Нұрқадiлов – Зәкеңнiң соншама жыл билiктiң басында жүрiп, 2004 жылы ашықтан-ашық оппозицияға кетуiнiң өзi тәуелсiз Қазақстанда орныға бастаған бiр заңдылықтың жалғасы едi.

«Жоғары билiкте қастандық орын ала ма?» - Жауын-шашынды былай қойғанда, жауының ойындағысын жауырынға қарап болжай бiлген дегдар қазақтан көрiпкелдiк қасиет үзiлген емес. Қырық бiр құмалақты шашып жiберiп, қырық жыл кейiнгiнi айтатын балгерлердiң жұқанасы жұрт iшiнде әлi де бар. Дегенмен жердiң бетiнен жоғарылап, жат ғаламшарлықтар туралы болжам жасап жүрген Бақыт Жұматованың орны бiр бөлек.

ABAI.KZ. «Дәурен Қуат. Байқоңырда байлап ұстаймыз ба?..» - Қоғам белсендісі Мақсат Нұрыпбаев «қолға түсті». Не үшін дейсіз бе? Астанадағы Министрліктер үйінің «Қазғарыш» Ұлттық агенттігі орналасқан 12 кіреберістің алдында  Талғат Мұсабаевтың сөзі жазылған плакатты ұстап тұрғаны үшін. «Қазғарышымыздың» «бөркі қазандай» төрағасы әнебір күндері Ресейдің «Известия» дейтін газетіне сұхбат беріп бұрынғы «үлкен ағаның» аяғына жығылғандай сөз айтып, «Байқоңырдан кете көрме» деп байбалам салып қайтқан. Сондағы айтқаны мынау: «Қазір біз Ресеймен бірлесіп зымырандар ұшыратын боламыз. Бұдан әрі де осылай жалғасқанын қалар едік. Мен де, Қазақстанда тұратын бірде бір дұрыс пікірлі адам да Ресейдің Байқоңырдан кеткенін қаламайды».

SERKE.ORG. «Мамай мен Азади. Оларға не жетпейді?» -Қазір дүңгіршектерде «Трибуна» деген атпен екі газет сатылып жатыр. Біріншісі – «Трибуна – Ашық алаң» деп аталады, газеттің бас редакторы – Жанболат Мамай. Ал екіншісі – жаңа жылдан бастап шыға бастаған «Трибуна. Коммунист Казахстана» атты газет. Бұл газеттің басшысы – журналист Алмат Азади. Екі газет егіз қозыдай бір-біріне ұқсас. Себебі, екі газет те «Трибуна» деген сөзді шекесіне бадырайтып үлкен әріппен жазып қойған. Сондықтан болса керек, оқырмандарға «Ашық алаң» немесе «Коммунист Казахстана» сөздері онша таныс емес,  олар дүңгіршектен газет сатып аларда «Трибуна»  деп сұрайды. Міне, осы жағдай Жанболат Мамай мен Алмат Азадидің арасындағы бітіспес дауға ұласты. Кімдікі – дұрыс, кімдікі – бұрыс? Біз осы жағдайды анықтап көрейік.

AIKYN.KZ. «Қамауда отырғандар да еңбек етеді» - Қазақстандық бизнесмендер өз бизнесін колонияларға көшіріп, қамауда отырған «жұмыс күшін» пайдалана алады. Кеше Мәжілістегі «Үкімет сағаты» аясында есеп берген Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов темір тордың ар жағында отырған еңбекке жарамдыларды жүз пайыз жұмыспен қамтуға ниетті екендіктерін жариялады. Осы күні тағы бір ақпар айтылды: өткен жыл шетелге тайып тұрған қазақстандық қылмыскерлерді құрықтау бойынша аса табысты болыпты.

ALASHAINASY.KZ. «Ресейлік сарапшыларды қобалжытқан Қазақстанның қай әрекеті?..» - Алдында Экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов 2014 жылы Қазақстанның ДСҰ-ға енбекші екендігін, қазір келіссөздер аяқ шенінене жетіп қалғанын ресми түрде мәлімдеген еді. Сондай-ақ ол «ДСҰ-ға енуіміз арқылы еліміз сауда-саттық саласындағы кемсітушіліктен құтылады, ал импорт автокөліктерге салынатын кедендік баж салығы арзандайды» деп атап өтті. Міне, ресейлік сарапшыларды шала бүліндірген осы тұс.

«Ипотекалық несие неге ауыздықталды?» - Кеше ғана  тұтынушы тарту үшін жарнамасын жарыса жариялап, ипотекалық несие беруде қарқындылық танытқан  екінші деңгейлі банктер баспаналы болғысы келгендерге қарыз беруден  дәл бүгінгідей бас тартады деп кім ойлаған?

«Есірткі дәрісі қандай болар екен...» - Елімізде қарасораны кәдеге жарату ісі әлі күнге жолға қойылмай отыр. Мамандар Шу алқабындағы жабайы қарасорадан дәрі жасап, қатерлі ісік ауруларын, семіздік пен қан қысымын емдеуге болатынын жиі айтып жүр. Тіпті 2004 жылдары Қазақстан-Германия біріккен кәсіпорны құрылып, Шу алқабындағы қарасорадан мата, автомобиль өндірісіне қажетті материалдар шығаруды қолға алған да екен. Бірақ басталған іс соңына дейін жетпей тоқтаған.

NAMYS.KZ. «Еркек ез, әйел би, ал балалардың ертеңі бұлынғыр» - Бүгінде ақ жаулықты аналарымыз, заты нәзік әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, оларды қолдау бағытында жанымызды да, барымызды да салып жұмыс жасап жатыр. Заңға да, олардың құқығын бұзған жандарға да берілетін жазаға өзгерістер енгізіп, Үкіметтің тарапынан түрлі көмектер жасалып, арыз шағымдарына басқадан да ерекше назар аударып, ең аяғы ана мен баланы қорғайтын орталықтар, ұйымдар ашып мейірімді жандарға мейірімізді молайтып жатырмыз, шүкір.

MUSLIM.KZ. «Калашниковтың өмірден өтер алдындағы өкініші» - Өлерінен жарты жыл бұрын аты аңызға айналған қару ұстасы, АК-47 автоматының авторы Михаил Калашников православ шіркеуінің патриаархы Кириллге хат жолдайды. Онда ол өзі жасаған қару түрінен ажал құшқандар үшін жаны күйзеліп әрі осы әрекеті үшін түбінде жауап беретінін ойлап қамығып жүргенін айтыпты.

14 қаңтар 2014, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.