TURKYSTAN.KZ. «Қырғыз бен тәжік неге қақтығысты? Мұның астарында шекара дауы жатқан сияқты» - Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік шекара қызметінің қоғамдастықпен және БАҚ-пен байланыс бөлімінің хабарламасы бойынша, Қырғызстанның Баткен облысында Тәжікстанмен шекаралас жерде қарулы шекара қақтығысы болды.
«Ақша сатып баюда» - Қазақтың төл теңгесін бірнеше есе қымбатқа сататындар пайда табудың оңай жолын таңдапты. Теңгені сатып алуда әсіресе, түрік, испандық пен ресейліктер аса белсенді.
MASA.KZ. «Өткен жылдың өкінішті сәттері аз болмады» - Небір оқиғаларға толы болған Жылан жылы жылыстап, тарих қойнауына кетіп барды. Ендігі жыл елдің рухын оятар игі шараларға негізделген, ұлт мүддесі бекемделе түсетін берекелі жыл болса екен дейміз.
«Есі кеткен ел Еуразиялық Одаққа кіреді» - Ресей министрлер кабинеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресейдің үкімет басшысы Дмитрий Медведев Ресейдің СІМ мен Экономикалық даму министрлігіне Беларусь және Қазақстанмен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын мақұлдауды тапсырған.
AZATTYQ.KZ. «Саусағын кескен белсенді енді қол жинауға кірісті»- Белсенді Тахиржан Ахметов президент Нұрсұлтан Назарбаевты соттарда «әділ төрелік орнатуға» шақырған петициясына қол жинап жатыр. Бұған дейін ол осындай талаппен өз саусағын кескен еді.
«Солтүстік Күрдістан» идеясы ұлтаралық дау туғызды» - Иран парламенті депутатының елде әзербайжандар тығыз қоныстанған аймақтан «Солтүстік Күрдістан» провинциясын құру туралы ұсынысы әзербайжан диаспорасының ашуына тиді.
«АҚШ президенттігінен үмітті саясаткер сүрінді» - 2016 жылы республикашылар атынан президент сайлауына түспекші негізгі кандидат өзін штат губернаторы етіп сайлауға ықыласты болмаған қала мэріне тізе батырмақ болды деп айыпталады.
MAIDAN.KZ. «Арон АТАБЕК: “Режим алдында ешқашан еңкейген емеспін...”» - Алматы қаласының етегіндегі шырғалаңы мол Шаңырақ оқиғасына қатысты істі болып кеткен азамат, күрескер ақын Арон Атабектің Алаш жұртына мұң шағып жазған хатын жариялап отырмыз. Хат негізінен Қызылорда қаласында тұратын белгілі қоғам қайраткері, ұлт азаттығының ұраншысы Сағат Жүсіпке арналған екен. Сағат ағамыз хатты біздің редакциямызға жолдап, жарық көруін, Арондай азаматтың рман тілегі қалың қазаққа жетуін қалапты. Біз де ол тілекті құп көрдік…
«Айгүл ИМАНБАЕВА: “Әркез жүрегімде бір адам тұрады…” (ВИДЕО)» -Айгүл Иманбаеваның музыкалық театр орталығы 2011 жылдың 14 ақпанында француз драматругі Жан Ануйдың «Медеясымен» ашылған болатын. Театр жақында Украина мемлекетіндегі Керч қаласында өткен«Босфор бәсекесі» атты XIV халықаралық театр фестиваліне қатысып, бас жүлдені иеленіп қайтты. Театрдың фестивальге барып қайтуына қаржылай қолдау көрсеткен – Атырау облысының әкімшілігі.
SERKE.ORG. «Көкелер» мен БАҚ бір-бірінің «қанын» сорып жүр» - Қазақстанның медиа саласы жүйелі бақылауға көнбейтін және өркениетті ойын ережелерінен жұрдай қара базарға айналды. Бұл базардың ішінде пиғылы жаман пысықтар кәсібін жасап жүр.
AIKYN.KZ. «20 мың теңгеге өмір сүруге бола ма?» - Жыл бастала салып, ел Үкіметі бірінші тоқсанға арналған кедейшілік шегін белгіледі. Ол күнкөріс шегінің 40 пайызына тең болмақ. Қазіргі таңда күнкөріс шегі 19 996 теңге болса, оның 40 пайызы шамамен 8 мың теңгені құрайды. Осылайша, айлық табысы 8 мың теңгеден аспайтындар ғана кедей санатына кіреді. Ресми статистикаға сүйенсек, ел бойынша олардың саны 100 мыңға да жетпейді. Ал барлық әлеуметтік төлемақы кедейлік шегінің көлемі арқылы есептелетіні белгілі. Кедейшілік шегі төмен болған сайын әлеуметтік төлемдердің де көлемі аз болмақ.