Атырау, 24 қараша 03:29
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бангкок: шерушілер жолдарды жаба бастады

1 384 просмотра
Бангкокте бірнеше аптадан бері Таиланд премьер-министрі Йинглак Чинаваттың отставкаға кетуін талап еткен демонстранттар қалада коммуникацияны тоқтататындарын айтып, мәлімдеме жасады. 

Мыңдаған белсенді бүгін Бангкоктың түрлі аудандарында жолдарды жаба бастады. Олар қаладағы маңызды жеті жолға баррикадалар орнатып, көліктерді бөгеді. Бүгін қалада ірі шеру өтеді деп жоспарланып отыр. Биліктің нұсқауымен тәртіпсіздіктер болмас үшін қала көшелеріне полиция әкелінген.

Былтырғы қараша айынан бері наразылық шерулерін өткізіп келе жатқан оппозиция Чинават үкіметін коррупциямен күресу реформаларын енгізіп, қаржы мәселелерін шешумен айналысатын сайланбалы емес "халықтық кеңеспен" алмастыруды көздейді.

Чинават 2013 жылдың желтоқсан айында елдегі саяси дағдарыстан шығу мақсатында ақпан айының басына кезектен тыс парламент сайлауын белгілеген. Бірақ елдегі басты оппозициялық партия оған бойкот жариялады.

Наразылық шерулері кезіндегі қақтығыстар салдарынан 8 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған.

Дереккөз: Baq.kz

13 қаңтар 2014, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.