Исфахандағы уран байыту зауыты, Иран. Фотосурет: AFPИран 2014 жылдың 1 ақпанынан бастап шетелде тыйым салынған активтерінің алғашқы 550 млн. долларына қол жетікізе алады, деп хабарлады Reuters АҚШ әкімшілігіндегі жасырын мәлімет көзіне сілтеме жасап. Тыйым салынған қорлардың жалпы көлемі 4,2 млрд. долларды құрады.
Бұл Батыс пен Иран арасындағы қол жеткізілген ядролық келісімнен кейін белгілі болды.
Қол жеткізілген келісім аясында Иран бұған дейін халықаралық санкциямен тыйым салынған активтерін қолдану құқығына ие болу үшін уран байыту бойынша бағдарламасының белгілі бір бөлігінің қызметін тоқтата тұрады.
Келісім 2014 жылдың 20 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.
Дереккөз: ҚазАқпарат