Үкімет басшысы сонымен қатар сыртқы істер министрлігіне қырғыз-тәжік шекарасында болған атысқа қатысты наразылық нотасын дайындауды тапсырғанын да айтты. Айта кетейік, күні бұрын Қырғызстанның Баткен ауданында екі ел шекарашылары арасында бір сағатқа созылған атыс болған. Салдарынан қырғыз тарапынан 5, тәжіктерден 6 адам жараланды. Қырғызстан тарабы қарсы жақ атысты бірінші болып ашты деп Тәжікстанға айып тағып отыр. Ал Тәжікстан тарабы қырғыз әскерилері оқты бірінші болып жаудырды деп, өзіне шаң жуытар емес.
Дереккөз: BAQ.KZ