Құс тұмауы қайта айналып соғуда. Жаңа жыл алдында Қытайға барып келген Канада тұрғыны H5N1 вирусынан көз жұмды. Дәрігерлер бұл Солтүстік Америкада тіркелген алғашқы жағдай екенін айтады. Сондықтан Канада тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Ал Қытайдың өзінде құс тұмауы көптеп таралып жатыр. Бүгінде қауіпті індет 13 адамды о дүниелік етсе, тағы 60 азамат вирусты жұқтырып отыр. Эпидемия астанасы Бейжіңнен бастап, Шанхай, Цзянсу, Аньхой, Чжэцзян және Хэнань сынды провинцияларына жайылған.
Айта кетерлігі құс тұмауы соңғы он жылда әлем бойынша 384 адамның өмірін жалмаған.
Люнг Тинг-Хунг, денсаулық сақтау орталығының бақылаушысы:
- Әзірге вирус адамнан адамға жұқты дейтіндей жағдай тіркелген жоқ. Нақты дәлел күтеміз. Дегенмен вирус белең алып кетеді дей алмаймыз.
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау +3