AZATTYQ.ORG. «Әблязов туралы үкімге қайғырған да, қуанған да бар» - Франция сотының қазақстандық олигархты экстрадициялау туралы шешімін оппозициялық саясаткерлер сынап шықты. Ал билікшіл саясаткерлер судья «әділ үкім шығарды» деп санайды.
«Өтембаев үкімі бойынша алдын-ала сот тыңдауы басталды» - Бүгін Талдықорған қалалық сотында оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берді деп сотталған парламент сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевтың ісін қайта қарау бойынша алдын-ала сот тыңдауы басталды.
«Тәуелсіз басылыммен аттас жаңа газет сынға ілінді» - Былтыр бірнеше мәрте шектеуге ұшыраған «Трибуна – Ашық алаң» газетінің журналистері «билікшіл» партия өздеріне атауы ұқсас басылымды әдейі шығарды деп сенеді.
TURKYSTAN.KZ «Жылан құйрығымен соғады, ал жылқы ше?» - «Жылан құйрығымен соғады» дейтіндер әлі жыл басына дейін екі ай бар, Жылан жылының соңы қатты болуы да мүмкін деген болжам айтуда.
«Аштық тауқыметі» - Тәуелсіздік кезеңіне дейін халқымыздың басынан өткен талай нәубет – зобалаңның ішінде Қазақ даласын түгел қамтыған 1932-1933 жылдардағы ашаршылықтың орны бөлек.
QAZAQUNI.KZ. «Сүгір жырауға жасалған қиянат» - Сүгір Бегендікұлының өмір жолы оңай болған жоқ. Жастық шағы «сталиндік зобалаңға» тап болып, туған жері – қасиетті Маңғыстаудан еріксіз кетуге мәжбүр болды.
«Қазақтың азаматтық алуы азапқа айнала ма?» - Қазақтың ұлттық мүдесін бұдан артық қалай мазақ етуге болады?!
SHYN.KZ. «Кенесарыны неге орыстар өлтірмеді?» - Таяу болашақта орыстар біздікі деп таласатын және орыс сепаратизмі кең етек жаятын жерлер – Павлодар, Петропавл және Орал өңірлері болады.
SERKE.ORG «Хирург баласының пышақ ұстауына неге қарсы болды?» - Оққағарлар Петр Афанасенко мен Сәтжан Ыбраев хирург-гестапоның өздерін түрмеге қамап алып қалай қинағанын ешқашан естерінен шығармайды.
NAMYS.KZ «Балаға тыйым салудың да жөні бар» - Балаға жасалатын тыйым – отбасының әрбір мүшесі қатысатын күрделі тәрбиелік процесс.
ANATILI.KZ. «Жылқы мінездес халықпыз ғой…» - Міне, жаңа жүзжылдықтың он екі айдан тұратын тағы бір жылын Уақыттың уысына салып, табалдырықтан аттаған тағы бір жаңа жылына төрелік беріп отырмыз.
ZHASALASH.KZ. «Қазақтың қарасын көбейтпеуге кiм мүдделi?» - Басапанасыз байғұс қазақ қарасаң қалпағың түсетiн зәулiм үйлерге көзiн сатып, көшеде әлi қаңғырып жүр.