
8 қаңтарда Киров ауданында мәйіттері бар екі автомобиль табылған еді. Предгорный ауданында да мәйіті бар бір көлік табылған. Жедел-тергеу тобы қызметкерлері оқиға орнына барған мезетте көлікке жақын жерде жарылыс болған. Бірақ жарылыстан ешкім зардап шекпеген.
Осы оқиғаларға қатысты "құқық қорғау орындары қызметкерлерінің өміріне қол сұғушылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ресей ішкі істер министрлігі мен Федералдық тергеу бюросының өлкедегі басқармалары оқиғаға қатысты түсінік бермей отыр.
Ставрополь өлкесі - Солтүстік Кавказ афедералдық округінің ең ірі өлкелері қатарына жатады.
Дереккөз: azattyq.org
9 қаңтар 2014, 12:23