Атырау, 6 мамыр 14:11
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«Қазақстанда демалыс аз ба, көп пе?». «Cекс дауына қалған мүфти отставкаға кетті». «Алтынбек туралы шындық. Рахат оған неге өшікті?». «Ұлыбританияда қамауға алынған қазақ спортшысына қатысты сот өтуде». «Өтембаевтың ісі бойынша сот 10 қаңтарға белгіленді»

1 953 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «2014 жылғы кейбір маңызды оқиғалар» - 2014 жылы Қазақстан үшін қандай маңызды саяси оқиғалар болмақшы? Азаттық тілшісі келер жылы көпшіліктің назары ерекше ауатын бірнеше шараға шолу жасады.

«Қазақстанда демалыс аз ба, көп пе?» - Жаңажылдық мерекедегі 5 күн демалыс кезінде әлеуметтік желілерде «демалыстан шаршағанын» айтушылар көбейді. Керісінше «демалыстан әлі қайтпай жүрген» шенеуніктердің үстінен арызданушы кәсіпкерлер де бар.

«”Cекс дауына” қалған мүфти отставкаға кетті» - Қырғызстанның экс бас мүфтиінің жас әйелмен төсекте жатқанын жасырын түсірген видеоматериал Орталық Азиядағы мүфтилер дауына және бір эпизод боп қосылды.

«Нарколог есірткі шөпті заңдастыруға шақырады» - Ауғанстанның заңсыз көкнәр саудасының жолында қалып, зәрезеп болған Қырғызстан үкіметі қарасора өндірісін заңдастыруға келісе ме?

SERKE.ORG.  «Алтынбек туралы шындық. Рахат оған неге өшікті?» - «Оппозицияшыл саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев және оның шопыры мен оққағары Рахат Әлиевтің тапсырмасымен өлтірілді» деген Бас прокуратураның тұжырымына сенбейтіндер бар.

NUR.KZ.   «Ұлыбританияда қамауға алынған қазақ спортшысына қатысты сот өтуде» - Ұлыбританияда қамауға алынған қазақ спортшысына қатысты іс жалғасын тапты. Лондонда 18 жастағы Азамат Теңізбаевтың соты өтіп жатыр.

«Өтембаевтың ісі бойынша сот 10 қаңтарға белгіленді» - Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берді деп сотталған Ержан Өтембаевтың ісін қайта қарау бойынша алдын-ала сот тыңдауы 10 қаңтарда Талдықорғанда басталатыны туралы хабарланды.

8 қаңтар 2014, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.