Атырау, 19 желтоқсан 02:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Сочи олимпиадасына кімдер қауіп төндіреді?». «2014 жылы төраға болатын даулы төрт ел». «Тарих оқулықтарындағы “Желтоқсан оқиғасы”». «Жылан жылы шенділер қандай "фразаларымен" есте қалды». «Қорғансыз қарындастарым-ай!».

2 039 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «Сочи олимпиадасына кімдер қауіп төндіреді?» - «Имарат Кавказ» қарулы тобының басшысы Доку Умаров Сочи олимпиадасы кезінде «мұсылмандар кегін қайтаратынын» мәлімдеген еді.  Волгоградтағы жарылыстардан кейін осы мәлімдеме еске түседі.

«2064 жылы не болады?» - 1964 жылы фантаст-жазушы Айзек Азимов «50 жылдан соң әлем қалай өзгереді?» деген сауалға жауап іздеп, 2014 жылға көріпкелдік жасайды.

«Әблязовтың бұрынғы адвокаты амнистияға ілікті» - Қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың экс-адвокаты, Мәскеуде ұсталған Елена Тищенко экономикалық амнистияға ілігіп, қамаудан босап шықты.

«2014 жылы төраға болатын даулы төрт ел» - 1 қаңтарда көптеген халықаралық ұйымдар төрағалық ететін елдерді ауыстырады.

«АҚШ пен Қытай "терроршы ұйғырлар" туралы екі бөлек көзқараста» - Вашингтонның Гуантанамода қамауда отырған соңғы қытайлық үш ұйғырды Словакияға жіберу туралы шешімі Пекиннің наразылығына ұшырады.

«Иракта соғысып жүрген кімдер?» - Ирак қауіпсіздік күштері елдің батысындағы сүнниттер тұратын екі қаланы басып алған "әл-Қаида" жасақтарына қарсы шабуыл бастады.

«Тарих оқулықтарындағы “Желтоқсан оқиғасы”» - Кейбір тарихшылар оқулықтарда «желтоқсаншылардың» әлі күнге дейін «тәртіп бұзғандар» деп сипатталатынына наразы.

ABAI.KZ.  «”Қазақ сөздігіндегі” кейбір кемшіліктер» - Өткен жылғы Тіл білімі саласындағы ең үлкен жаңалық әрі елеулі еңбек - «Қазақ сөздігі» екендігі даусыз. Осы сөздік арқылы тілімізге тиесілі сөздік қорға 106000 атау сөз бен 48,3 мың сөз тіркесі ресми әрі ғылыми түрде тіркелді.

NUR.KZ.  «Депутат жас отбасылардың несиеге алған баспанасын субсидиялауды ұсынды» - Қаржылай көмек көлемі бала санына байланысты болмақ деп хабарлайды 24 арна.

«Сотталған генерал Ілиясовтың орасан зор байлығы сотты таңқалдырды» - Шекара қызметінің тағы бір шендісі темір торға тоғытылды.

«Жылан жылы шенділер қандай "фразаларымен" есте қалды» - Былтырғыдай, ақырзаманды айтып, базарда шамға "таласа" шуласпағанымен, халықтың аузынан түспеген әңгімелер былтыр да аз болған жоқ.

BAQ.KZ . «Алматы әлемнің 10 қаласының қатарына енді» - Алматы 2014 жылы міндетті түрде сапарлау қажет қалалар тізімінің ондығына кірді.

MAIDAN.KZ.  «Қазақ қалай өзгерді?» -  Әттең,  біз  сол орыстың «жақсысын үйреніп, жаманынан жирене алмағанымыздың» зардабын әлі тартып жүргеніміз де аян.

SERKE.ORG.  «БТА банк сатылады» - «Қазкоммерцбанк» «БТА-банкті»  айырбас жолымен сатып алады.

NAMYS.KZ «Қорғансыз қарындастарым-ай!» -  Қыздарымыздың қытайға тимей-ақ тыңдап жүрген музыкалары мен әндерін қараңыз. Түгел шетелдің ән, музыкасы.

6 қаңтар 2014, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.