Атырау, 19 желтоқсан 02:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«2013 жыл: Қазақстандағы адам құқықтары». «ҰҚК-нің қызметтегі генералы Ілиясов 13 жылға сотталды». «Мен президенттің өзінен де күдіктенем...». «Жылқы жылында қауіп-қатер көп болатын сияқты...». «Шет елдегі қазақтардың бастарынан өткен оқиғалары».

2 392 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «CPJ: 2013 жылы әлемде 70 журналист қаза тапты» - Халықаралық "Журналистерді қорғау комитеті" ұйымының (Committee to Protect journalists) 2013 жылдың қорытындысы туралы есебінде "биыл әлемде кемінде 70 журналист қаза тапқаны" айтылған.

«2013 жыл: Қазақстандағы адам құқықтары» - Халықаралық ұйымдар жиі сынайтын Қазақстанда 2013 жылы адам құқықтары өрескел бұзылған сот процестері, тәркілеу мен мәжбүрлі түрде емдету сияқты оқиғалар тағы қайталанды.

«ҰҚК-нің қызметтегі генералы Ілиясов 13 жылға сотталды» - 2013 жылдың соңғы айында Қазақстан шекара әскерлері тағы бір басшысынан айырылды. Жемқорлық бабы бойынша айыпталып, 13 жылға сотталған Әбдіразақ Ілиясовтың генерал шенін әлі қайтарып алған жоқ.

«Шумахердің халі әлі мүшкіл» - Шаңғы теуіп жүріп басын жарақаттап алған әйгілі авто-спортшы Михаэль Шумахер күрделі операциядан соң әлі есін жиған жоқ.

«Үлескер әйелдің подъезде тұрғанына тоғыз ай болды» - Астана қаласы тұрғыны Үміт Нұртазинаның сот арқылы даулап жүрген пәтерінің есігінің түбінде тұрып жатқанына тоғыз ай болды. Оны баспанадан бірнеше пәтері бар үлескер ретінде шығарған.

BAQ.KZ   «Жылан жылындағы қоғамды елең еткізген саяси оқиғалар» - 2013 жыл біздің еліміз үшін табысты жылдардың көптігімен тарих қойнауына еніп барады.

MAIDAN.KZ.  «Мен президенттің өзінен де күдіктенем...»- Осылай боларын білдік: арада жеті жыл өткен соң, қылмыстық іс қайтадан қаралып отыр.

«Баланың миынан ботқа жасайтын болдық» -  «Үш тұғырлы тіл» ұстанымын іске асыруға билік басындағылар білек сыбанып-ақ кіріскен екен.

«Жылқы жылында қауіп-қатер көп болатын сияқты...» - Қырда жүрген қазақ ежелгі заманнан бері қыстағы қардың қалыңдығына қарап, жаз айына болжам жасайтыны, ал жаздағы күннің райына қарап, қыстың қандай болатынын біліп отырған.

«Өткен жылдан анау-мынау» - Сонымен, уақыт деген құдірет тағы бір жылды жұтып қойды. Тәуелсіздігіміз бір жылға ұзарды, қымбатшылық қылқындырған халықтың өмірі бір жылға қысқарды.

ABAI.KZ.  «Мұртынан айырылып, сақалы ғана қалған айтыстан неге мән кетті?» -  Соңғы үш-төрт жылдан бері айтыстың сапасы қатты түсіп кетті.

«”Өзі адасқаннан аман ба?” деп алаңдаймын...» - Жастардың топ-тобымен кәлимаға тілін келтіріп, өткен заманның зардабынан құтылып жатқанын көріп қуанып жүргенде, бойымызды үрей билейді.

NUR.KZ.  «Шет елдегі қазақтардың бастарынан өткен оқиғалары» - "Астана" телеарнасы өтіп бара жатқан жылды түйіндейді. Бұл жолы арна шет елде жүріп шоқ басқан қандастарымыздың жайын жіліктеді.

 

 

 

 

          

31 желтоқсан 2013, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.