Атырау, 6 мамыр 14:34
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«Ресей мен Қазақстан біріккен әуе қорғанысын құрмақ». «Иран оппозициясының «кешірілмес» іс-әрекеттері». «Рахат Әлиевтің «үкіметіне» кіру абырой ма?». «Қолжетімді баспанаға қолымыз жете ме?». «Саяси сахнадағы ауыс-түйістер».

1 622 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «Ресей мен Қазақстан біріккен әуе қорғанысын құрмақ» - Ресей Қазақстанмен біріккен әуе қорғанысы жүйесі келісімін ратификациялады. Құжатты Қазақстан парламенті әлі талқылаған жоқ. Cарапшылар «бұл - екі ел қауіпсіздігін көздейтін құжат» дейді.

«Иран оппозициясының «кешірілмес» іс-әрекеттері» - Ирандағы қазіргі режимді жақтаушылар 2009 жылғы жазда үкіметке қарсы наразылық шерулерінің себебі туралы «Бүлік жасауға арандату энциклопедиясын» шығарды.

AIKYN.KZ  «Фамилиясы – Бақберген, Қыз-қырқынға тап берген» - Хатшы қызды соққыға жыққан шенеунік экс-сенатордың ұлы болып шықты.

SERKE.ORG.  «Рахат Әлиевтің «үкіметіне» кіру абырой ма?» - 28 желтоқсан күні Facebook әлеуметтік желісінде шетелде қашып жүрген Рахат Әлиев арнайы мәлімдеме жасап, «Азат Қазақстанның үкіметін» (Правительство Свободного Казахстана) құру жөнінде бастама көтерді.

BAQ.KZ   «Қолжетімді баспанаға қолымыз жете ме?» - Баспана – басты мәселе. Бұл күрмеулі түйінді оңай шешіп, баспаналы бола қалу барша адамның басына берілмеген бақ.

«Жылқыны жақсы баптаған адам ғана қызығын көреді…» - Алдағы жылқы жылы қандай болмақ? Бұл орайда танымал жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов өз болжамдарын жасаған екен.

ABAI.KZ. «Өскеменді І Петр салған ба?» - Өскемендік www.yk.kzсайты «Подарки истории» атты мақала жариялады. Бірақ мақаланың неге «тарих сыбағасы» аталып отырғанын түсінбедік. Өйткені, Өскемен қаласының 300 жылдық мерейтойына жасалынбақ сыйдың «Лад» славян қозғалысының империалистік пиғылынан туындап отырғаны айдан анық.

NAMYS.KZ  «Абайлаңыз, қылмыскерлер сіздің үйіңізге келе жатыр…» - Бұл жаңа жыл ешқашан ішімдіксіз өтпейді. Арақ-шарап судай төгіледі.

TURKYSTAN.KZ.   «Саяси сахнадағы ауыс-түйістер» - Тоғыз айлық министр.

30 желтоқсан 2013, 08:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.