AIKYN.KZ «Сақалыңызды сақтандырыңыз!» - Сақтандыру – қоғамдық қарым-қатынастың ежелгі бір түрі екені белгілі. Алғашқы қауымдық кезеңнің өзінде бастау алған сақтандыру бүгінде үлкен қоғамдық институтқа айналды.
«Ең оңтайлы тәсіл – тұрғын үйді жалға алу» - Мемлекеттің ең маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі – ел тұрғындарының әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарын қолжетімді баспанамен толық қамтамасыз ету.
HALYKSOZI.KZ. «2013 жыл: елді елең еткізген спорттағы 13 оқиға» - Өзге діндегілердің 13 деген саннан қатты сескенетінін, оның артында бір мистикалық құпия сыр жатады деп қорқатынын жақсы білеміз. Ал мұсылман елі, оның ішінде қазақ халқы үшін бұл санның орны бөлек. Жалпы 13 қана емес, тақ санның бәрі қадірлі.
«”Жемқор” деген жақсы ат емес...» - Қанша шара қолдансақ та жемқорлық тиылар емес.
AZATTYQ.ORG. «Жаңа жылдық «корпоративке» мыңдаған доллар жұмсайтындар бар» - Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтардың үйдегі қарбаласы көбейіп, мейрамхана-кафелер ұжымдық кештер дастарханын әзірлеуге кірісіп кетті.
ALASHAINASY.KZ. «Жалған жеңілдік қалтаңызды қағып жүрмесін» - Жылдағыдай биылғы Жаңа жыл қарсаңында да еліміздегі бірқатар сауда нүктелері тауарларының бағасын бірнеше есеге төмендетіп, жаңажылдық жеңілдіктерді жарнамалап-ақ жатыр.
«Жаңа жылды түркілерше тойлауға болмай ма?» - Бүкіл әлем болып тойланатын Жаңа жыл мерекесі хақында танымды кеңейтіп, оның мазмұнын түркілік ерекшеліктермен толықтыра түспесек, еуропалық һәм христиандық сипатта Жаңа жылды қарсы алып дүбәра күйде қала береміз.
ZHASALASH.KZ. «Журналист Игорь Ларраны кiм өлтiрдi?» - Ақтөбе қалалық сотында белгiлi журналист Игорь Кимнiң (Ларра) iсiне қатысты процесс жүрiп жатыр.
«Жыланнан – у, жылқыдан – қазы...» - Сонымен бiр жылың да тәмам. Тамам жұртты таң қалдырған талай оқиға болды, дүйiм елдi шаң қылдырған сәттердi де көрдiк. Не көрмедiк, гептил деген бәлеге «жуынып-шайынып», одан қалды «нанға жағып жеп» дегендей...
«”Тегi”-ден неге безiнемiз?» - Тәуелсiздiк алғаннан берi екiншi онжылдықты аяқтап қалсақ та, аты-жөнiмiздi жазу мәселесi көңiлге қонымды шешiмiн таппай отыр.
JASQAZAQ.KZ. «Мені адастырған “Хизб-ут-тахрир”...» - Қоғамымызда ислам дінін жамылған жағымсыз «жамағаттар» жұртшылықтың берекесін қашырып, азаматтарымызды сан соқтыруда.