Атырау, 19 желтоқсан 02:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Рахат Әлиев қылмыскердiң кiм екенiн сотта айтпақ». «Назарбаевтың мәлiмдемесi Ресейдiң қамытынан құтқара ала ма?». «Мұхтар Әбілязовтың заңгері қамаудан босады». «Шымкент түбіндегі ұшақ апатының құпиясы». «Жылқы жылының ерекшелігі қандай?».

2 528 просмотра

ZHASALASH.KZ.   «Шендiлер шырша мiнген жыл» - Сыйлы адамына сылаңдаған сәйгүлiк мiнгiзетiн бабаларымыздан жалғасып келе жатқан әдемi дәстүр бар.

«Рахат Әлиев қылмыскердiң кiм екенiн сотта айтпақ» - Бас прокуратураның мәлiмдемесiнен кейiн екi-үш күн бойы үнсiз жатқан Рахат Әлиев  “Республика” порталына сұхбат берiптi.

«Назарбаевтың мәлiмдемесi Ресейдiң қамытынан құтқара ала ма?» - Сейсенбi күнi Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық кеңестiң жоғарғы отырысында Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президентi Александр Лукашенко 2015 жылы құрылатын Еуразиялық одаққа бiраз сын-ескертпе айтты.

«Бiр жылда 104 рет сынға iлiнген кiм?» - “...Жақсы өткiздiк пе, жаман өткiздiк пе”, әйтеуiр, тағы бiр жылды өткiздiк: “айтыстық, тартыстық – әурешiлiктi көре-көре келдiк”.

«Саясат сауалнамадан басталады» - Жыл басынан берi “Жас Алаш” түрлi тақырыпқа 48 мәрте сауалнама жүргiзiптi. Әр сауалнамаға орта есеппен 300-ге жуық адам дауыс берген.

«Бiр күйеубала бас тартқан банктi екiншi күйеубала сатып алатын болды» - Банк секторындағы қорытынды.

AZATTYQ.ORG.  «Былтырғы ұшақ апатын да жемқорлықтан көреді» - Бір жыл бұрын ҰҚК ұшағы Шымкент түбінде апатқа ұшырады. Халықаралық ұйым жуырдағы есебінде апаттың себебін әскери басшылықтағы жемқорлықпен байланыстырады.

«Қаза тапқан полицейдің әкесі БҰҰ-на шағымданбақ» - Апелляциялық коллегия ақтаулық жас полицейдің өліміне қатысты үкімді өзгертпеді. Өлген полицейдің әкесі қызметкерлері осы іс бойынша сотталған "ҰҚК ықпалымен" күресе беретінін айтады.

SERKE.ORG.  «Мұхтар Әбілязовтың заңгері қамаудан босады» -  «БТА банктің» бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовтың заңгері, алаяқтық пен ақшаны жылыстатқан деп күдіктелген Елена Тищенконы қамаудан  босатты, деп жазады ресейлік «КомерсантЪ» басылымы.

«Шымкент түбіндегі ұшақ апатының құпиясы» - Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған әскери сотының үкімімен 2013 жылы 24 шілдеде ҚР ҰҚК шекара қызметінің бас штабының 4 басқармасының бұрынғы қызметкері Қайрат Жалғабаев ҚР Қылмыстық кодексінің 363 б. бойынша (қылмыстық жасыру) 2 жылға шартты түрде сотталды.

AIKYN.KZ  «Жылқы жылының ерекшелігі қандай?» - Енді бес күннен соң жұмыр жер бетіндегі барлық тіршілік иесі Жаңа жыл – 2014 жыл – Жылқы жылының табалдырығын аттайды.

«Әлем өзгеретін жыл болмақ» - Біз тілге тиек етпек болып отырғанымыз басқа нәрсе, яғни 14 деген санға байланысты. Өйткені алдағы жылымыздың өзі 2014 деген таңбалардан тұрады. 20-сын кері ысырып қойып 14 саны туралы сөз қозғалық.

ZHEBE.COM   «Түркіні табыстырған һәм жарыстырған жыл» - Жалпы, әлемдегі түркі тектес халықтардың адам саны 300 млн. көлемінде көрінеді.

«"Жылан жылы ақшалы болады" деуші еді.... солай болды ма?» - Қазақстан экономикасы 2013 жылы несімен ерекшеленді? Түрлі инвестициялық жобалардың ішінен халық игілігіне жарағандары бар ма? Халық шынымен  ақшаға қарық болды ма?

«Назарбаев 2013 жылы кеден одағын көп сынады» - Биылғы жыл мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кедендік одақты сынауымен есте қалды.

«2013 жылдың 13 оқиғасы мен тұлғасы» - Жыл аяқталар тұста «үздіктерді» анықтайтын әдет бар біздің қоғамда.

26 желтоқсан 2013, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.