Атырау, 6 мамыр 14:20
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«БТА банкін сатып алушы бірден табылған жоқ». «Өгей әке-шеше жөн бе, қамқоршы дұрыс па?». «Алтынбек Сәрсенбаев өлімінің құпиясын ашу неге ұзаққа созылды?». «Банк салымшылары сенімді болсын». «Әр тиын үшін есеп бересіз».

1 742 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «БТА банкін сатып алушы бірден табылған жоқ» - «Қазкоммерцбанк» пен бизнесмен Кеңес Рақышев «Самұрық-Қазына» қорымен БТА банкін сатып алу жөнінде алдын ала келісім жасасты. Бұған дейін «Сбербанк» пен «Халық банкі» БТА-дан бас тартқан.

«Өгей әке-шеше жөн бе, қамқоршы дұрыс па?» - Алматыдағы жетімдердің көбі - қамқоршылардың қолында. Прокуратура кейбір "қамқоршының" сутенер, я есірткі сатушы болып шыққанын айтады.

ABAI.KZ. «Келіннің бетіне орамалды неге жабады?» - Ұлттық танымның тас-талқанын шығарып, уатып жіберу үшін тоталитарлық жүйенің тепкісінде өткен жетпіс жыл да аз уақыт болмағандығына өзінің салт-дәстүрлерінен көз жазып қалған жұртымыз куә.

SERKE.ORG.  «Алтынбек Сәрсенбаев өлімінің құпиясын ашу неге ұзаққа созылды?» - Бас прокуратураның АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросымен бірлесіп жасаған тергеу-тексеру жұмыстары саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның серіктерін өлтіруге Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевтың тапсырыс бергенін көрсетіп отыр.

AIKYN.KZ  «Жылан жылындағы жарқын жеңістер» - Биылғы жыл Қазақстан спорты үшін табысты болды деп айтуға барлық негіз бар.

«Банк салымшылары сенімді болсын» - Банктің әрбір салымшысы өз қаржы мүддесін сенімді қорғауы тиіс. Қазақстанда жеке тұлғалар – депозиторлар мемлекеттік кепілдік алады.

«Ән өнерінің сардары» - Біздің заманымыздағы әншілік өнердің туын тіккен, теңдесі жоқ опера әншісі Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың өмірден озғанына 40 күннің жүзі болып қалды.

ALASHAINASY.KZ. «Еліміздің ең үздік футболшылары кімдер?» - Қазақстан футбол федерациясы мен Кәсіпқой футбол лигасы 2013 жылды қорытындылап, ел футболының үздіктерін анықтады.

TURKYSTAN.KZ.  «Әр тиын үшін есеп бересіз» - ҚР Қаржы министрлігінде дайындалып жатқан жаңа заңда Қазақстан азаматтары әрбір тиыны үшін есеп беруге міндетті.

25 желтоқсан 2013, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.