Атырау, 6 мамыр 15:33
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«Банкке байланысты арызданған 5 мың адам бар». «Сот ашық әрi әдiл өтсе президенттiң өзiне деген күмән сейiледi». «Алтынбек Сәрсенбайұлына жасалған қастандық – саяси террор!». «Жамылғысы енді ғана ашылған сыр...».

1 677 просмотра

AIKYN.KZ  «Банкке байланысты арызданған 5 мың адам бар» - Еліміздегі банктердің үстінен бір жылда 5 мыңдай адам арызданған. Ал үлкен үміт етіп отырған Ұлттық қордағы алтын валюта қазынамыздың көлемі 100 млрд АҚШ долларына жеткелі тұр.

ALASHAINASY.KZ.  «Біздегі білім реформасы күнде көйлек ауыстыратын сәнқой келіншек секілді» - Білім саласының сырт елдің жылт еткенінің бәрін үстіне жапсырып алып, соңында өзін де, өзгені де әуреге түсіруі жұрттың жүйкесіне тигені бүгін емес.

ZHASALASH.KZ.  «Сот ашық әрi әдiл өтсе президенттiң өзiне деген күмән сейiледi» - Бiз жетi жыл бойы тергеу мен соттың әдiлетсiз өткенiн айттық. Ендi келiп қылмыстың жаңа нұсқасы шықты.

«Алтынбек Сәрсенбайұлына жасалған қастандық – саяси террор!» - Қалай басса да, кетпеннiң сабы Назарбаевтың өз маңдайына тиедi.

«Екi миллиардердiң текетiресi немен тынады?» - Қазақ президентi Н.Назарбаев пен Қазақстанның құпия қызметiнiң басшысы Р.Әлиев ұзақ уақыт бойы мүдделес болды.

SERKE.ORG.  «2013 жылдың маңызды 10 оқиғасы» - ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігі өтіп бара жатқан 2013 жылдың маңызды деген 10 оқиғасын анықтады.

«Алтынбек Сәрсенбаевты өлтірткен кім?» -  Алтынбек Сәрсенбаевтың өліміне тапсырыс беруші - Рахат Әлиев, деп хабарлады ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.

«Вице-министр Өміряевке пара берген делдал миллионер екен» - ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміряевке пара берген делдалдың есеп шотында миллиондаған долларлар болған, деп хабарлады бас прокуратурадағы ақпаратқа қанық дерек көзі.

AZATTYQ.ORG.  «Ақорда мен Әлиевтің ақпарат соғысының жалғасы» Президенттің бұрынғы күйеу баласын белгілі оппозициялық саясаткердің өліміне қатысы бар деп жариялағасын мемлекеттік БАҚ "әшкерелеуді" бастап кетті.

«Шынайы еркіндік рухын сезіндім» - ЕО-мен интеграцияны жақтаушылардың демонстрациясын көріп, украиналық әріптестерімен танысуға Киевке барған ЖСДП жастар қанатының төрағасы Тазабек Сәмбетбай Азаттыққа сұхбат берді.

«Назарбаевтың мүсінін қорлаушыларды іздеп жатыр» - Днепродзержинск қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсінін қорлауға байланысты «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Әблязовтың әйеліне Қазақстаннан шығуға рұқсат берілді» - Қазақстан билігі Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаеваға шетелге шығуға рұқсат берді. Ол "виза ашуға құжат өтізгенін, жақын күндері шетелге кететінін" айтты.

BAQ.KZ . «Жамылғысы енді ғана ашылған сыр...» - 2003 жылдың тамызы оған ұрпақ жағынан сый жасаған. Ол Ливанның Бейрутында тағы бір нақсүйері, орыс сұлуынан қызды болған екен.

NUR.KZ.  «Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы үйін диссиденттер басып алды» - Швейцарияда бір топ өзбек диссиденті Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың Женевадағы үйін басып алды.

24 желтоқсан 2013, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.