Атырау, 22 желтоқсан 23:18
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

"Мақпал мен Қайрат неге "қара тізімге" ілікті?". "Оралмандар" репатриант па, әлде «гастарбайтер» ма?". "УКРАИНА үшін «ән» айтуға Янукович дайын ба?". "Мырзатай Жолдасбековтың қазақтықтан бездіру «тағылымы".

2 408 просмотра

TURKYSTAN.KZ. «Мақпал мен Қайрат неге "қара тізімге" ілікті?» - Қазақ тыңдарманы мен көрерменінің көңілінен шыққан қос әншіні «қара тізімге» іліктіргендер кімдер? Олардың көздегені не?

«Есімов ешкімге де жер бермейді» - Алматыдан тегін 10 сотық жер алам деп дәмеленбеңіз. Жер жоқ! Мұны анау-мынау емес, қала әкімі Ахметжан Есімовтің өзі айтты.

MASA.KZ. «Қазақты құлданудың құралы – банк» - Өткенде бір банкілік жұмыспен РБК банкіне барған едім. Байқауымша, Алматыда бұл банктің бөлімшелерінен аяқ алып жүру мүмкін емес. Және «рубльмен» теңге айырбасы, басқа да банктік жұмыстар - осы РБК банкі арқылы жүзеге асады екен.

«"Оралмандар" репатриант па, әлде «гастарбайтер» ма?» - ...Осы заңның бір ұшы шетелде жүрген қандас бауырларымыздың Атамекенге оралсам деген өрекпіген көңілін су сепкендей басып, Елбасының өзі бастамашы болып отырған «Нұрлы көшке» нұқсан келтіріп отыр.

AZATTYQ.ORG. «Қазақстан-2050» бағдарламасына бір жыл: мысқыл мен мақтау» - Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы Қазақстан дамуының жаңа бағдарламасын жариялады. Одан біреулер шабыт алса, енді біреулер оны сынайды.

«Ходорковский: Берлинге кету – жалғыз мүмкіндік еді» - Михаил Ходорковский анасының бір мезет шетелге емделуге шығуы түрмеде отырған өзіне президент Владимир Путиннің рақымшылық беру туралы шешім қабылдауына елеулі түрде ықпал етуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

BAQ.KZ. «Кердері мәдениетінің жұмбақ сырлары» - Жер мен ел тарихына әлі де болса терең зерттеу жасап, оның шынайы шындығына жете алмай жүргеніміз белгілі. Адам Атадан бергі тарихты айтпағанда, дүниені топан су қаптаған Нұх пайғамбардан басталатын өмірлік өзгеріске оң бағасын беріп, оны орын-орынына қоюда қоғамдағы саясаттың ықпалына беріліп,көп нәрсені сол деңгейде ғана бағалап жүрміз. Бұл болжам жасау сол кезге дейінгі болған тарихқа көзжұмбайлықпен қарап, қиянаттық көрсету деп түсінеміз.

MAIDAN.KZ. «УКРАИНА үшін «ән» айтуға Янукович дайын ба?» - Украинадағы жағдай ұлттық сананың өскенін көрсетті ме? Көрсетті деуге келеді. Өйткені ел тағдыры сынға түскенде әлеуметтік жағынан әртүрлі таптардың барлығы дерлік қамсыз жатпай, барынша белсенді қимыл танытуда.

«“РБК банкі” - Қазақстандікі ме, Ресейдікі ме?..» - Бір қараған адамға РБК - Қазақстандікі сияқты. Осында тіркелген, бастығы да қазақ. Ал, банкі жүйесінің барлығы да Ресейге бағытталғандай әсер етті маған. Егер РБК Ресейдікі болса, онда Қазақстанды отарлау саясатының әлі күнге дейін тоқтамай келе жатқанын білу қиын емес. Ал, РБК Қазақстандікі болса, онда неге басқа ат құрып қалғандай, Ресей банкінің атын алған?

ABAI.KZ. «"Азамат" клубы: Украинадағы майдан мәселесі» - "Азамат" клубының кезекті отырысына қатысқан саясаттанушы Расул Жұмалы, экономист Мұхтар Тайжан, тәуелсіз саясаткер Әміржан Қосанов және өзгеде азаматтар күн өткен сайын шиырығып бара жатқан Украинадағы майдан мәселесін әңгіме өзегі етті.

«Мырзатай Жолдасбековтың қазақтықтан бездіру «тағылымы»- ...Енді осы «тағылымыңыздан» тәуелсіз елдің бүгінгі жастары қандай тәлім алады деп ойлайсыз?! Неге екені белгісіз, мақалада Бұхардың, Мұраттың, Абайдың өмір сүрген тарихи кезеңдері тұтастанып кеткен. Олар тіпті бір дастархан басында «табақтас» болған екен деп қаласыз.

23 желтоқсан 2013, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS