Атырау, 6 мамыр 02:27
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Моңғолдар: «Қазақ қыздарын алдап қолға түсіріңдер де үйленіп алыңдар»". "Жаңаөзен қырғыны ешқашан кешірілмейді: Қан жібермейді!". "Сыры ашылмаған ұшақ апаттары қоғамды үрейден арылта алмай отыр".

2 404 просмотра

AIKYN.KZ. «Ағатайым-ай!» - Бір кезде Елбасымен түрлі шараларда кездесіп, батасын алған балалар бүгін қайда жүр? Нендей жетістікке жетті, қандай биікті бағындырды? Жалпы, олардың өмір жолы қалай өрілді?

«Белбеуді тарта байлайтын кез таяу» - 2008 жылғы қаржы дағдарысынан бері қарай бес жыл өтсе де, әлемдік экономика қиындықтар күрмеуінен шыға алар емес. БҰҰ-ның сауда және даму бойынша өткізген конференциясына қатысушылар есебі мұны талдап тұрып көрсеткен.

MAIDAN.KZ .«Жаңаөзен қырғыны ешқашан кешірілмейді: Қан жібермейді!» -  Өткен сейсенбі күні Жаңаөзен және Шетпе қасіретіне байланысты құрылған Тәуелсіз қоғамдық комиссияның (ТҚК) кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Жаңаөзен қырғыны адамзатқа қарсы жасалған қылмыс па?» деген жалпы тақырыппен бірнеше мәселе қаралды. Біз сол отырыста қабылданған Қарарды және бірнеше баяндамашының сөздерін мақала түрінде жария етіп отырмыз.

«Қазақтың жауы - Қазақ па?..» - Қазақтың хас батырларының бірі – ақтамберді жырау сарыұлын сатқандар, енді кімді аясын...

MASA.KZ. «Алтынбектің қаны Рахаттың мойынында» - Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне Рахат Әлиев тапсырыс берген. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті.

TURKYSTAN.KZ. «Сыры ашылмаған ұшақ апаттары қоғамды үрейден арылта алмай отыр» - Желтоқсан айы қазақ тарихында ызғарымен де, Тәуелсіздікті сыйлаған қасиетімен де ерекшеленеді. 2011 жылы Жаңаөзенде желтоқсанның ызғырығы соқса, 2012 жылы желтоқсанның соңы мен қаңтардың аяғы ұшақ апаттарымен есте қалды. Қос апаттан 48 адам қайтпас сапарға аттанды. Айналасы бір айдың  ішінде қазақ халқы екі рет аза тұтты.

«Своик орыс тілін ІІ мемлекеттік тіл еткісі келеді» - Петр Своик Қазақстанның 22 жылдық тәуелсіздігінде шовинистік, империялық көзқарасын ешуақытта өзгертпеген саясаткер. Бүкіл саналы ғұмырын оппозициялық саясатқа арнаған ол елдегі мемлекеттік құрылымның барлық бағытын сынайды. Соның ішінде елдегі жүргізіліп отырған тілдік саясат оның көңілінен шығып көрген емес. Если бы депутатом был я... переделал Закон о языках в конституционный» деген мақаласы жарық көрді.

«Атамбаев «ақ қылышты» қынабынан суырды» - Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы аяусыз күресті бастағанын газеттің 14 қарашадағы санында «Жетінші қабатқа жеткен жемқорлық» деген мақаламызда жазған едік. 4 қарашада өткен өлкенің Қауіпсіздік кеңесінің кезектегі отырысынан кейін көп өтпей, 12 қарашада мемлекет басшысы «Билік органдарындағы саяси және жүйеленген сыбайлас жемқорлықтың себептерін жою бойынша шаралар туралы» жарлыққа қол қойған.

ALASHAINASY.KZ. «Ын Жу Ку: Менің Қазақстанда тұрғым келеді» - Ой-өрісін дамылсыз дамытумен дараланып, білім көкжиегін кеңейтуді мақсат етіп қана қоймай, өмірін оқу мен тоқуға арнаған кім-кімнің де мұндай ізденісін, әрине, бағалайсың. Ал егер «инемен құдық қазғандар» арасынан жастар төбе көрсетіп жатса, оның талабына тіптен тәнті болады екенсің. Біздің кейіпкеріміз – дәл осындай жан, яғни бар қазынасы, айнымас серігі – кітап.

«Хопкинс мықты ма, Шүменов пе?» - Кәсіпқой бокстағы қан­да­сымыз Бейбіт Шүменовтің ке­лесі қарсыласы әйгілі Бернард Хоп­кинс болуы әбден мүмкін. Бұл туралы словак боксшысы Тамаш Ковачпен болған ай­қас­тан кейін Шүменовтің өзі мә­лімдеді.

ABAI.KZ. "Моңғолдар: «Қазақ қыздарын алдап қолға түсіріңдер де үйленіп алыңдар»" - Баян-Өлгей қазақтарының ана тілінде сөйлеуі Моңғолия үкіметін алаңдата бастады. Оған Моңғолияның  білім және ғылым министрі  Л.Гантөмердің  елдің парламентінде айтқан сөзі куә.

AZATTYQ.ORG. «Мұратбек Кетебаев Польшада босқын статусын алды» - Қуғындағы оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязовтың жақын серіктерінің бірі – Польшада тұрып жатқан Мұратбек Кетебаев Азаттыққа «босқын» статусын алғаны туралы хабарлады.

MUSLIM.KZ. «Швейцария араб тирандарының шоттарын жауып жатыр» - Швейцария билігі Мысыр мен Тунистің 760 млн швейцар франкін (858 млн доллар) құрайтын активтерін үш жылдың ішінде «тұтқындайтынын» жеткізді.

20 желтоқсан 2013, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.