ZHASALASH.KZ. «Храпунов шабуылға шықты» - Виктор Храпунов дұшпанының танауына ши жүгiртiп ойнағанды бұрыннан жақсы көретiн.
«Мәжiлiсшiлерден “тошнит”» - Сөзiнiң мәнi, өздерiнiң сәнi қалмаған олар жұртты мезi еттi.
«Ақорда қысық көз күйеубаланы қаны бiр қазақтан артық көрдi» - Рахым Айыпұлының айтуынша, қазақ көшiнiң басына бұлт үйiрiлдi.
«Ресейдiң қарызы Украина үшiн қыл арқан» - Киевтегi наразылық шерулерi толастамай тұрғанына қарамастан, Украина президентi Виктор Янукович Мәскеуде Ресей президентi Владимир Путинмен кездестi.
AZATTYQ.ORG. «Жаңаөзен кәсіподақтары қайта белсенді бола бастады» -«ӨзенМұнайГаз» компаниясына кәсіподақтар жаңа ұжымдық келісім-шартқа қол қойды. Белсенділер жаңадан жұмысқа тұрған мұнайшылардың кәсіподаққа кіруден тартынатынын айтады.
«Қытай юаны еркін айырбас валютасына айналмақ» - Осыдан жүздеген жыл бұрынғыдай Қытай әлемді әлі таңдандырып келеді. Әлем экономикасындағы соңғы жайттар қытай капиталы экспансиясының күшейгенін көрсетеді.
«Ең қымбат шырша қай қалада?» - Павлодарда қалалық шыршаның құны туралы шу шыққан соң жергілікті билік қыруар ақша қаншалықты орынды жұмсалғанын тексере бастады.
AIKYN.KZ «Өзіңді аңсап өтеді көктем, өтер күз...» - Даладай дарқан, баладай аңғал нұр дидары бір-ақ сәтте ғайыпқа айналып, топырақ жүзін жасырғалы айдан асты.
«Қаржылық операцияның қитұрқы әдістері» - Бұрын халық жалақыны, зейнетақыны кассаның алдына кезекке тұрып алушы еді, кассаның ақша беретін белгіленген уақыты болатын.
«Қайыршылық қайдан шығады?» - Американың Сан-Франциско қаласында бір қайыршы қолына ұстаған қағазға «Менің әйелімді ұрлап кетті, оны қайтып сатып алу үшін 99 цент жетпей тұр» деп жазып алыпты. Жанашырлық білдіргендер қалтасындағы соңғы центін де тастап жатыр.
«Текетірес немен бітеді?» - Қытай әлемі өзінің құпиялылығымен және сан қырлылығымен әлемді таңғалдырып келеді. Қараша айында Reuters агенттігіне берген сұхбатында Қытайдың Ұлттық банкінің кеңесшісі Ли Даокуй юань бағамына таяу арада өзгеріс енуі мүмкіндігін айтты.
ABAI.KZ. «Мәселе шыршада емес...» - Желтоқсан - қазақстандықтар үшін мереке айы, тіпті демалыс күндері көп, тынығу айы. Бірақ оны ар мен аза тұту айына айналдыруды, тіпті тәуелсіздік күнін қазан айына жылжытуды ұсынуда.
«Жаза жеңілдесе, қылмыс кеми ме?» - Қазақстанның түрмелерінде бүгінде 43 мыңнан астам адам отыр. Егер қазіргі кезде Парламент қарауында талқыланып жатқан Қылмыстық кодекс пен қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасы қабылданған жағдайда, бұл сан 20 мыңға дейін қысқаруы мүмкін.
SERKE.ORG. «Жаңа сахнада шырқалған ескі ән» - Қаржы полициясы жақында «Ракурс» продюсерлік орталығын тексеріп, оның бухгалтерлік құжаттары мен бір-екі компьютерін тәркілеген болатын.
«Шахановты мен емес, Құдай атады!» - Хасен мырза, Мұхтар Шаханов сізді «КГБ-ның шпионы», «желтоқсан оқиғасын зерттейтін комиссияның жұмысына кедергі келтірді» деп айыптайды.
MAIDAN.KZ «Бұл қырғын қалай аталады?» - Жаңаөзенде болған жағдай адамзатқа қарсы қылмыс па? Әрине, мен солай деп жауап берер едім.
«Киевтегі «Майдан» дүрілдеп тұр» - Қазақ азаматтары «Майданның» төрінен бір-ақ шыққанын естіген бойда, Мұхтар Тайжанға «Скайп» арқылы хабарласып, мәселенің мән-жайын өз аузынан жазып алғанды жөн көрдік.