Атырау, 24 қараша 00:52
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ЕО Украинамен қауымдастық туралы келісімге қол қоюға дайын екенін растады

2 104 просмотра

Еуроодақ елдерінің сыртқы саяси ведомство басшылары Киев тиісті талаптарды орындағаннан кейін Украинамен қауымдастық туралы келісімге қол қоюға дайын екенін растады.

Бұл туралы Еуропа одағына мүше 28 мемлекеттің Сыртқы істер министрлері отырысының қорытындысы бойынша ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон мәлімдеді.

«Министрлер Украина тиісті талаптардың барлығын орындауға дайын болған кезде Еуропалық одақ Украинамен қауымдастық туралы және тереңдетілген еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қоюға дайын екенін тағы да растады», - деді К.Эштон.

ЕО-ның пайымынша, бұл келісім Украинаның қысқа мерзімді экономикалық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Оған қоса, халықаралық нарықтар мен қаржы мекемелеріне үлкен сенімнің белгісін береді. Аталған құжат, сондай-ақ, Украинадағы саяси және экономикалық реформалар үшін негіз болады, демек елдің ұзақ мерзімді дамуына септігін тигізеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 желтоқсан 2013, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.