Атырау, 5 желтоқсан 08:22
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«16 желтоқсан қандай күн?». «Халықтың көз жасы жiбермесiн». «Майдандағы үш анық». «Әскери әрiптестiк: Анкара, әлде Мәскеу?». «Опозиция халықпен бірге болуы тиіс». «Желтоқсанда марапатқа ие болған кімдер?».

3 687 рет қаралды

 

ZHASALASH.KZ   «16 желтоқсан қандай күн?» - Жаңаөзен мен Шетпе жұрты ғана емес, жалпы қазақ халқы бұл күндi мерекелi күн деп есептемейдi. Ендеше, 16 желтоқсанда той тойлаудың қажетi бар ма?

«Халықтың көз жасы жiбермесiн» - Сорақысы, сол кезде халық­қа оқ атқан полицейлер – бүгiнде бастық. Қай бетiмен бастық болып отыр? Ұят жоқ. Қажет болса, тағы атамын дедi.

«Менiң Желтоқсаным» - Менiң Желтоқсаным! Қазақтың Желтоқсаны! Ұлттың Желтоқсаны! Сенiң жаңғырығың мен тағылымың, тарихың мен сабағың, ұлы үлгi-өне­гең тiрi тұрғанда, қазақ ешуақытта қалғымауға, мүлгiмеуге тиiс! Қорлыққа көнбеуге, тiзерле­меуге, босағадан сығаламауға тиiс!

«Майдандағы үш анық» - Жүз мыңдаған адамы жаппай бас көтерген Киевтегi жағдайды қазiр Ресей ақпарат құралдары барынша бұрмалап берiп жатыр.

«Әскери әрiптестiк: Анкара, әлде Мәскеу?» - Қос қонақпен өткен әңгiме де әскери-ынтымақтастық турасында өрбiдi. Алайда президент оларды бiр үстелдiң басына отырғызған жоқ, жеке-жеке қабылдады.

ABAI.KZ.  «Желтоқсан -1986: Болашақ президентімізді де көрдік: «Қайтыңыздар, арты жаман болады» деген сөздерін естідік» - Көздерінде намыс оты жанған аға-әпкелеріміздің айтқандарын сөзбе-сөз назарларыңызға ұсынып отырмыз. Олар желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтардың әлі күнге тиісті бағасын ала алмай келе жатқанына налиды.

SERKE.ORG.  «Рахат Әлиев Мальтадан қашып, Кипрге бармақшы» - Қазақстанда 20 жылға сырттай сотталған Рахат Әлиев Кипрдің азаматтығын алуға күш салып жатыр. Бұл туралы Әкежан Қажыгелдиннің бұрынғы оққағарлары Петр Афанасенко мен Сәтжан Ыбраевтың адвокаты Лотар де Мезьер DW басылымына берген сұхбатында айтты.

MAIDAN.KZ.  «Опозиция халықпен бірге болуы тиіс» - Тәуелсіздік алған кезде Қазақстан 15 республиканың ішіндегі ең бай, шалқып тұрған республика болатын. Сол байлыққа, сол деңгейге біз, экономиканың қай саласында болсын, мұнай өндіруден басқаға әлі жеткен жоқпыз. Сонда Назарбаев бізді көркейтті ме, жоқ, әлде барымызды жоғалтты ма? Қолындағы байлықты неге талан-тараж қылды? Неге оны құртып жіберді?

«Құрылтай – жалпы халықтың ортақ ісі» - Еліміздегі саяси-әлеуметтік-экономикалық жағдай авторитарлық биліктің тығырыққа тірелгенін көрсетіп отыр. Жұмыссыздық кең етек жайып, халықты тұрмыс-тіршілігі нашарлады.

AIKYN.KZ  «Желтоқсанда марапатқа ие болған кімдер?» - Ротадан алаңдағы оқиғада ерлік көрсеткені үшін үш адам жоғары марапатқа ие болып, 17 адам қосымша сый-сияпат алады. Олардың ішінде 5-уі қазақ.

«Әлем елдерінің тәуелсіздік күні қалай тойланады?» - Батыс ғалымдарының есебінше, бүгінде әлемде 800-ден бастап 2000-ға жуық халық пен ұлт өмір сүріп, 3000-ға таяу тіл қолданыста болса да, небары 193 мемлекетке тәуелсіздік бақыты бұйырып, ұлттық тілдері мемлекеттік мәртебеге ие болған.

«Жақсылардың «жат» қылықтары» - «Адамға тән нәрсенің бәрі маған да жат емес» деп қаба сақал Карл Маркс айтқандай, атақты адамдардың да бойында ерсі, әдепке қайшы деуге болатын оғаш қылықтары мен өмірлік дағдылары, өзіндік әдеттері болған.

«Ескерілетін елеулі мәселелер» - Соңғы кезде жастар тәрбиесі кімді де болса қатты ойландырып жүргені рас. Бұл туралы аз айтылып, кем жазылып жүрген жоқ. Бірақ ауызша қанша айтып қақсағанмен, күніне жүз рет жазғанымызбен, олардан шығып жатқан нәтиже шамалы.

12 желтоқсан 2013, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.