AZATTYQ.ORG «Жаңаөзендегі әскери бөлімге алғашқы сарбаздар әкелінді» - Жаңаөзен оқиғасының екі жылдығы қарсаңында қаладағы әскери қалашықтың құрылысы аяқталуға жақындап, қарулы күштер қатарына шақырылғандардың алғашқы легі қабылданды.
«Киселевті “Ресейдің Геббельсіне” теңеді» - Ресей президенті Владимир Путин тележүргізуші Дмитрий Киселевті ықпалды медиахолдингтің басшысы етіп тағайындады. Сарапшылар «Киселев журналист емес» дейді.
«АҚШ-та "терроршыларға байқамай ақша аударған" қазақстандық сотталды» - Баласын АҚШ-та емдетпек болған қарағандылық әйел "алдап-арбауға ұшырап, сириялық терроршыларға 7,5 мың АҚШ доллар көлемінде ақша аударғасын" істі болған.
SERKE.ORG. «Әміржан Қосанов қандай адам? Ол ЖСДП-дан не үшін қуылды?» - Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) қатарынан қуылғалы бері Әміржан Қосанов «терісіне» сыймай, жанын қоярға жер таппай тыпыршып жүр.
ABAI.KZ. «Орта Азиялық саяси режимдер: елес демократия ма, өтпелі авторитаризм бе?» - Саяси жүйе және саяси режим тұрпатында Орта Азиялық мемлекеттердің ұқсастығы мен жекелеген айырмашылығы айтарлықтай.
TURKYSTAN.KZ «Тәжікстан Аяз Ата мен Ақшақардан бас тартты» - Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына – 22 жыл. Осы уақыт ішінде бағындырған белесіміз бен қол жеткізген жетістіктеріміз көп.
«14 жаста шаңырақ көтеру – Болашаққа балта шабу...» - «14 жаста некеге тұруды заңдастыру қажет». Осы мәселені көтерген Мәжіліс депутаты Жұматай Әлиев отбасын құру жас балаларға да тиімді дейді.
«Заң қабылданды» - Сонымен ҚР азаматтығы қандастарымызға 4 жылдан кейін ғана бұйыратын болды.
«Мешімбаева кінәлі ме?» - Ал айыпталушының әкесі қызын "сүттен ақ, судан таза" деп есептейтіндігін айтты.
BAQ.KZ «Қолбасшы Әмір Темір қарақшы болған ба?» - Кезекті жазбамызда сол мемлекеттердің бірі әрі бірегейі болған Темір империясының қолбасшысы, әмірі болған тұлғаның қатардағы қарапайым жауынгер, тіпті қарақшылықтан хан деңгейіне көтерілгені туралы сөз қозғамақпыз.