8 желтоқсанда шамамен сағат 10-да Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 686-шы шақырымындағы Тұщықұдық селосының маңында кісі өлімімен аяқталған көлік апаты орын алды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 42 жастағы «Вольво» маркалы фура жүргізушісі, Түркия азаматы, көктайғақ салдарынан ұзын өлшемді көлік рөліне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, УАЗ автофургонына соғысты. УАЗ соққыдан соң жана бастады.
Бұл оқиға түнгі қарауылдан келе жатқан учаскелік инспектор А. ШОБАЛАЕВ пенИсатай АІІБ жол-патрульдік қызметінің қызметкері А. ҚАРЕКЕСОВТІҢ көз алдында болған. Олар көмекке келіп, УАЗ артқы есіктерін сындырып, жанып жатқан көліктен бір-бірлеп 31 жастағы жүргізуші мен 63, 56 және 41 жастағы жолаушыларды шығара бастаған. Алдыңғы орындықта отырған 28 жастағы тағы бір жолаушыны шығарып үлгермеді. Фургонды тұтастай жалын алып кеткен.
Зардап шегушілердің төртеуі де аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі кейін облыстық ауруханаға жөнелтілді. Апатқа кінәлі тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-тармағы («Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы
ережесiн бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ