Атырау, 18 мамыр 23:51
 бұлттыВ Атырау +24
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30

«Украинадағы наразылық қазақстандық БАҚ-ты сөгуге себеп болды». «Қазақстандағы мемлекеттік органдар “ең жемқор сала” ретінде айтылды». «”Протон” ұшыру 12 жылдан соң ғана тоқтайды». «Рейтинг қуудың соңы». «Қытай инвестициясы нені көздейді?».

1 728 просмотра

AZATTYQ.ORG   «Украинадағы наразылық қазақстандық БАҚ-ты сөгуге себеп болды» - Украинада өтіп жатқан жаппай наразылық акцияларын қазақстандық ресми БАҚ жағымсыз оқиға ретінде сипаттады.

«Қазақстандағы мемлекеттік органдар “ең жемқор сала” ретінде айтылды» - Transparency International ұйымының жемқорлық жайлы рейтингісіндегі Қазақстанның орны өткен жылғыдан да нашар. Ұйым өкілі «елдегі шенеуніктердің жартысынан астамы пара алатынын» айтады.

«Пастор ісінде “қызғылт-сары төңкеріс” жайлы айтылады» - Қамауда отырған протестант пасторы Бақытжан Қашқымбаевтың діни қызметінен сарапшылар «экстремистік идеяларын» тапты.

«Украина парламенті үкіметке сенімсіздік вотумын қолдамады» - Үкіметтің Украина мен Еуропа Одағы (ЕО) арасындағы ассоциация туралы келісімді дайындаудан бас тартуын опасыздық ретінде бағалаған оппозиция министрлер кабинетінің отставкаға кетуін талап етеді.

AIKYN.KZ  «Билл Гейтс бағалаған қазақ баласы» - Сәкен Жолдас – қазақтың қарапайым қара баласы. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Осыған дейін АҚШ-та 100 мың доллар жылдық жалақы ұсынған «Microsoft» компаниясында жұмыс істеген.

«”Протон”  ұшыру 12 жылдан соң ғана тоқтайды» - Бүгінгі таңда Баңқоңырға қатысты сөз қозғалса, «Протонның» ұшыру қашан тоқтайды, қазақтар ғарышқа сапар шеге ме, деген сұрақ кесе көлденең қойылады.

MASA.KZ.  «Мені қытай деп шеттететін, жиі таяқ жейтінмін» - Арай Айдарханұлы - Қытайдағы ең танымал "Жұңгноның арман әуені" ән жобасында алғашқы алты үздіктің қатарына енген қазақ.

ZHASALASH.KZ   «Гүлшара кеше кiм едi?» - Шендi-шекпендiнiң бәрi “тұңғыш президент” күнiнiң қамымен шапқылап жүрген тұста Ақордада тағы бiр ауыс-түйiс жасалды.

«“Тұңғыш президент” мерекесiнен кейiнгi бес сауал» - Бүгiн екi күнгi мерекеден есеңгiреп ұйықтаған Ақорда “тұрғындары” көзiн тырнап ашып, жұмысына қайта кiрiседi.

ANATILI.KZ «Би де бір жұмбақ әлем» - Қытай елінің ең шебер бишісі атанған Шұғыла бірнеше Халықаралық би байқауларының лауреаты.

TURKYSTAN.KZ.  «Жол жөндеуге 5 триллион теңге бөлінбек» -  Бұл тозығы шыққан жолдардың қанша жыртығын жамар екен. ҚР Үкіметі көлік инфрақұрылымының даму бағдарламасын бекітті.

«Рейтинг қуудың соңы» - 1 желтоқсаннан бастап, барлық арналар «кемінде 50 пайыз» атты заң талабын орындаймыз деп, Үкіметке уәде берді.

«”Ұлтшыл Бауыржанның” хаттары қалай жойылды?» -  Ол кісі майданда жүргенімде маған сегіз хат жазды. Бірақ та ол хаттарын кейіннен «ұлтшыл Бауыржанның» кесапатынан қорқып, менің академиядағы архивімнен өзі ұрлап алып жойды.

QAZAQUNI.KZ   «Қытай инвестициясы нені көздейді?» - Қытай Орталық Азияға инвестиция құя бастады. Миллиардтаған долларға келісімшарт жасасқан Қытай Ресейдің қытығына тиіп те үлгерді.

4 желтоқсан 2013, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.