Атырау, 19 желтоқсан 02:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қайрат Келімбетов Марченконың сойылын соқпасын». «Бас мүфти ашуланып жатыр». «Украина тағы бiр төңкерiстiң алдында тұр». «Алма Шалабаева: Мұхтар аяққа жығылмағаны, бас иiп көнбегенi, банктi бермегенi үшiн осы жағдайға тап болды».

2 577 просмотра

AZATTYQ.ORG   «Анар Мешімбаеваның ісі сотқа жіберілді» - Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаеваға қатысты жанжалды іс сотқа жіберілді.

«”Тұңғыш президент күні” әлеуметтік желіде араздық тудырды» - Президент күнін тойлауды жақтаушылар «Қазақстанның жетістігі – Назарбаевтың арқасы» дейді. Қарсыластары оларды «жеке басқа табынбауға» шақырды.

«Украина шерушілері үкіметті қыспаққа алып жатыр» - Киевтегі шеруге он мыңдаған адам қатысып тұр. Олар елдің Еуропа Одағымен (ЕО) интеграциясы туралы келісімге қол қоймаған үкіметін отставкаға кетіруді талап етеді.

«Ресейге көшкісі келгендер әртүрлі себеп айтады» - Ресейлік «Отандастар» бағдарламасына ілініп, сол елге көшкісі келетін қазақстандықтар құжат тапсырудың әуресі көп екеніне наразы.

«ЮНЕСКО тізіміне киіз үй енгізілуі мүмкін» - 2-7 желтоқсан аралығында Бакуде ЮНЕСКО ұйымының отырысында материалдық емес мәдени мұралар тізімі толықтырылмақ. Биыл тізімге монғолдың киіз үйі, түріктің кофе ішу дәстүрі, корейлердің кимчи тағамы да ұсынылған.

ULT.KZ. «Ақорда мен Үкіметтегі ауыс-түйістер» - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жарлықтарымен Ақорда мен Үкіметте ауыс-түйістер орын алды.

«Қайрат Келімбетов Марченконың сойылын соқпасын» - Мемлекет қаржыны  халықтың зейнеткерлік несібесінен үнемдемей, осындай кертартпалар мен құлқынсыздардан сақтап, қорғаса әлдеқайда  әділ әрекет болар еді.

BAQ.KZ  «”Алтын адам” деп жүргеніміз кім?» - Сонымен, кезінде бүкіл әлемде қазақтың атын аспандатып, рухын шаттандырған керемет тосын жаңалық – ұлт мақтанышы, көрерменнің көзайымына айналған сол алтынға малынған асыл бекзатымыз кім болып шықты?

HALYKSOZI.KZ   «Тәңірбергеннің тәңірі беріп тұр» - Парламент Мәжілісінің көптен бері бос тұрып қалған орынтағы ақыры өз иесін тапты. «Нұр Отан» партиясы саяси бюро кеңесінің қаулысымен атышулы Тәңірберген Бердоңғаров қайтадан Парламент Мәжілісінің депутаты болып бекіді.

«Жұбанның ұрпағын орыстілді деп кінәламаңдар...» - Жуырда Жұбан Молдағалиевтің үйіндегі жеңгеміз София Мәлікқызы Молдағалиевамен кездесіп, әңгімелесіп қайтқан болатынбыз.

SERKE.ORG.  «Әбілязовтың қайын жұрты» - БТА банктің ақшасын қымқырып Еуропаға қашқан Мұхтар Әбілязов өзімен бірге бала-шағасын ғана емес, қайын жұртын – әйелінің бауырларын да ала кетті.

«”Болашақ” бағдарламасымен оқып қайтқандарды Қазақстанда не күтіп тұр?» - Бүгін «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдығына арналған форумда 10 мыңыншы степендиаттың есімі  аталады.

«Бас мүфти ашуланып жатыр» - Ол мәселеден сәл ауытқып, Қ.Жолдыбайдың мүфтияттан ешқайда кетпегенін айтады.

ZHASALASH.KZ   «Украина тағы бiр төңкерiстiң алдында тұр» - Сенбiге қараған түнi Украина милициясының “Бүркiт” арнайы жасағы Киевтiң Тәуелсiздiк алаңында наразылық бiлдiрiп жатқан халыққа күш қолданып, тарқатты.

«Алма Шалабаева: Мұхтар аяққа жығылмағаны, бас иiп көнбегенi, банктi бермегенi үшiн осы жағдайға тап болды» - “Жас Алаштың” тiлшiлерi М.Әблязовтiң жұбайын үйiне iздеп барып, сұхбат алған едi.

3 желтоқсан 2013, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.