ZHASALASH.KZ «Мырзажанның “мырзалығымен” 16 мыңнан астам адам атылды» - Сонымен, Астанадағы Левон Мирзоян көшесiне халқымыздың аяулы ұлы Қаныш Сәтбаевтың есiмi берiлетiн болды.
«Әр айылда – бiр Нұрсұлтан» - Сонымен қырғыз депутаты не дедi? Бұл туралы ресми БАҚ жарыса жазып жатыр.
«Украина Еуромайданы Ресеймен интеграцияға наразы» - Виктор Януковичтiң Еуроодақпен қауымдастық жөнiндегi келiсiмдi тоқтатып, Ресейге бүйрек бұруы украин оппозициясы мен халқын көшеге алып шықты.
«Вакцинация – ұрпақтың тамырына балта шабу емес пе?» - Екпе табиғи иммунитеттi бұзады. Екпе салғаннан кейiн де балалардың ауырып немесе басқа да ауруларға душар болатыны осыны көрсетедi.
AZATTYQ.ORG «Жер мәселесі тағы да шықты» - Алматыда бір топ азамат «билік заң бойынша хақымыз бар 10 сотық жерді берсін» деп талап етті. Олар «Үйсіз-жерсіз жүргендер комитетін» құрғандарын айтады.
«”Біртұтас БАҚ-тың” Қазақстанда шағымдану мүмкіндігі қалмады» - Қазақстан жоғарғы соты қызметіне тыйым салынған оппозициялық басылымдардың «Республика» деген біртұтас БАҚ» ісі бойынша шағымын қанағаттандырмады. Оппозициялық ақпарат құралдары енді Қазақстаннан тыс ұйымдарға шағымданбақ.
«Украинадағы наразылықтың бастаушысы – студенттер» - Украина студенттері үкіметтің Еуропа Одағымен бірігу туралы келісімнен бас тарту жөніндегі шешіміне қарсы шықты. Мұны «ұрпақтар алшақтығы» ретінде бағалаушылар да бар.
ALASHAINASY.KZ. «Байлық көп, барлайтын маман жоқ» - Менделеев кестесіндегі барлық элемент елімізден табылады деп жар салғанда дабысымыз жер жарады. Алайда сол жер астындағы қазба байлықты игеруге келгенде бүгінгі күні кежегеміз кейін кетіп тұрғаны рас.
AIKYN.KZ «Азық-түлік бағасы неге өседі?» - Азық-түлік қымбаттауда. Соған қарамастан, билік басындағылардың айтуы бойынша, инфляция белгіленген дәлізден шыққан жоқ. Мұны қалай түсінуге болады?
TURKYSTAN.KZ. «Мәжіліс те, Сенат та оралмандарды оңдырмады» - Сонымен Экономика және бюджетті жоспарлау министрі өз дегеніне жетті. Шеттен келетін қазақтардың мәртебесін босқындармен теңестіріп тынатын болды.
«Тәуелсіздіктің мысын шырша баса бере ме?» - Патриоттық сезімнің осалдығынан болар, қасиетті мереке саналатын тәуелсізідк күнінен бұрын шыршаларын құрып, жаңа жылды тойлауға кірісіп кеткен отандастар көп. Бұл ұлттық және мемлекеттік идеологияның ақсауынан.
«Польша жеріндегі түркістан легионы» - Альянс одақтастығының барлау қызметінің мұрағаттық құжаттарында да деректер өте аз кездеседі. Сондықтан «Түркістан легионы», оның шындық тарихы туралы толыққанды дүние жазу қиын іс болмақ.
ZHEBE.COM «Бюджет қаржысының игерілмеуіне әкім де, министр де жауапты...» - Бюджет қаржысын игеру нәтижелеріне енді министрлер мен әкімдер жауапты болады.