Атырау, 19 желтоқсан 02:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«”Роскосмос” “Протон-М” зардабын өзі тексермек». «Қазақстанда тағы бірнеше газет жабылмақ». «Тергеуі тоқтаған Шалабаеваның шетелге кете алары неғайбіл». «Туғаны – бір, «өлгені» үш миллион сәби». «”Киллер” қызметіне сұраныс көбейді».

2 035 просмотра

AZATTYQ.ORG   «”Роскосмос” “Протон-М” зардабын өзі тексермек» - Ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы апатының Байқоңыр экологиясына тигізген әсерін «Роскосмос» өзі тексеріп, сараптама жасайтынын хабарлады.

«Еуроодақ-Қазақстан ынтымақтастық келіссөздері қайта жалғасады» - International Partnership for Human Rights халықаралық құқық қорғау ұйымы Еуроодақты Қазақстанмен келіссөздерде елдегі адам құқығы ахуалын жақсарту мәселелерінде табандылық танытуға шақырды.

«Қазақстанда тағы бірнеше газет жабылмақ» - Жабылатын газеттердің кейбірі толықтай интернет платформаға көшеді, кейбірі мүлдем шықпайды. Сарапшылар бұл өзгеріс себебін газеттердің өтпеуінен және ақша үнемдеу саясатынан көреді.

«Тергеуі тоқтаған Шалабаеваның шетелге кете алары неғайбіл» - Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева Италияда қалған балаларына баруға рұқсат сұрады.

MAIDAN.KZ.  «Әскердегі келеңсіздіктер» - Заман өзгерген сайын, әскерге—азаматтық міндеттен бұрын, қажеттілікке айналғаны жасырын емес.

«Дулат Исабеков: “Менің ішімнің удай ашитыны - өзгеге жалтақтайтынымыз”» - Төле би туралы фильм шығару жөнінде ұсыныс болды. Бірақ оны кім түсіреді? Оған жиырма миллион доллар бөлінер. Оның бәрі орны-орнына жұмсалатынына өз басым сенбеймін.

«Қазір Шәмші тірі болса, мойындалмас еді…» - Біздің ұлттық қорғаныс-имунитетіміз музыкада да тұруы керек еді ғой. Ендеше, біз тілден, дәстүрден ғана емес, музыкадағы рухтан да айрылып қалдық деген сөз.

«Тарихын ескермейтін АҚШ» - Бүгінде ұлттың болашағы жоқ, жаһандану дәуірінде шағын ұлттарды күшті, үлкен ұлттар жұтып жібереді, бұл объективті процестен қашып құтылу мүмкін емес деген сияқты сөздер жиі естіп жүрміз.

HALYKSOZI.KZ   «Мемқызметшілер мен әкім-қаралар арасында «еврейлер», «хохолдар», «шошқалар» және «тупойлар» деп сөйлейтіндер бар екен» - Әгәрәки, қарамағындағыларға да, басқаларға да балағаттап сөйлейтін мемлекеттік қызметшілер арасында республика чемпионаты өтетін болса, бәс тігуге бармын, Қарағанды облысының «құрама командасы» бас бәйгені шаппай алар еді! Неге?

«Туғаны – бір, «өлгені» үш миллион сәби» - Мәжіліс қабырғасында әлеуметтік мәселелер, соның ішінде әсіресе дүниеге бала әкелген әйелдерге берілетін бір реттік жәрдемақы жайын жиі сөз ететін белсенді депутаттың бірі Тұрсынбек Өмірзақов осы аптада жөргекпұл мәселесіне қатысты тағы бір мәрте шу көтеріп, жұртты елеңдетіп тастады.

«Ет сасыса, тұз себеді, тұз сасыса не себеді?» - Сонау бір белгілі жиналыста ел Президенті жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) көбейіп кеткенін баса айтқан еді, бірақ оның азаятын түрі жоқ

ULT.KZ.  «Қайрат Жолдыбайұлы Мүфтияттан кеткен жоқ» - Түймедейді түйедей етіп, мүфтияттағы ауыс-түйістерден саясат жасап, сан-саққа жүгіртудің жөні жоқ.

AIKYN.KZ  «”Киллер” қызметіне сұраныс көбейді» - Діни кітаптардың бірінде Матфей айтқан «...баласы әкесін, інісі ағасын өлтіретін заман туады» деген сөз бар. Сол заман келді ме, кім білсін, әлгінің айтқандары келіп жатыр. Балалары ата-аналарын өлтіріп, ағайындылар арасы ашылып, «қырқ пышақ» болуда.

«Ел еңсесі түскенде, «емші» қаптайды» - Кеңес Одағы тарқамай тұрғанда, дұрысы 1988 жылы алғаш рет теледидардан көрініп, одан кейін миллиондаған тұрғынды «көк жәшіктің» алдына жіпсіз байлап тастаған атышулы экстрасенстер Кашпировский мен Чумак естеріңізде болар.

28 қараша 2013, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.