Атырау, 5 желтоқсан 08:22
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«"Бүркемеленген" ашаршылық жайлы кітап». «Қазақстан ашаршылыққа саяси баға беруде Ресейден именеді». «Н.Нығматуллиннің жан шошытар “жаңалығы”». «Ағайынды Рысқалиевтер шынымен де тірілер санатында жоқ па?». «Мәскеу тарихты да ортақ еткісі келеді».

2 757 рет қаралды

AZATTYQ.ORG   «"Бүркемеленген" ашаршылық жайлы кітап» - Сталин кезінде Украинаны күйреткен ашаршылық жайлы жаңа кітап жазылмақ. Онда ашаршылықтың әдейі ұйымдастырылғаны айтылады.

«"Иран атомы" келіссөзі келісімге жетті» - Тегеранның ядролық бағдарламасына байланысты көптен бері келісе алмай жүрген елдер 24 қарашада мәміле жасасты.

«Қазақстан ашаршылыққа саяси баға беруде Ресейден именеді» - Украина «1930 жылдардағы геноцид» деп мойындалған Голодомор құрбандарын еске алып жатыр. «Астана сол жылдары Қазақстанда да болған ашаршылыққа саяси баға беруге әлі жасқанады» дейді тарихшы.

«Украина таңдау жасайтын сәт туды» - Украина Еуропа Одағымен жақындасып, бетін Батысқа бұрғандай болғанымен, соңғы сәтте Ресей қысымына шыдамай, Батыспен серіктестік келісімінен бас тартуы мүмкін.

ULT.KZ.  «Н.Нығматуллиннің жан шошытар “жаңалығы”» - Әп дегеннен айтайық, Н. Нығматуллин қазақ халқынан кешірім сұрауы керек.

MAIDAN.KZ.  «Ағайынды Рысқалиевтер шынымен де тірілер санатында жоқ па?» -  Бергей Рысқалиевтің әкесі өлер алдында президент Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, онда ұлдары Бергей мен Аманжанның тым болмаса сүйектерін отбасына қайтаруын өтініпті.

«Бекболат Тілеуханның Жүрсін Ерманға жазған хатының астарында не жатыр?» - «Алайда мен сізді құлатайын, қолда барыңызды тартып алайын деген ойым жоқ».

«Мына Құрылтайдың мүддесі түсініксіз» – «Менің пайымдауымша, осы құрылтайды ұйымдастырушылар қазақ ұлтшылдарының солшылдық бағытын ұстанады».

«Мұхтар ШАХАНОВ: Қандай кедергі болса да, құрылтай бәрібір өтеді» - «Халық өкілдерінің құрылтайы» үлкен кедергіге жолықты.

«Ана тілі және ұлттық тәрбие» - Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел – «азғын» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін, тарихтан кездестіруге болады.

SERKE.ORG.  «Мұрат Әбенов өз еркімен қызметінен кетті» - «Қарашаның 22-нен бастап вице-министр қызметінен өз еркіммен кеттім.

ZHEBE.COM  «Мәскеу тарихты да ортақ еткісі келеді» - ТМД мемлекеттеріне ортақ тарих оқыту мен жазу өз алдына бөлек әңгіме. Менің ойымша, ортақ тарих жазылу керек. Ал енді оны оқыту-оқытпау ықпалға байланысты шешіледі.

25 қараша 2013, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.