Атырау, 19 желтоқсан 02:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Болашағы жоқ ауылдарды көшіруге кемінде жеті жыл керек». «Әлем чемпионатына қатысатын елдер белгілі». «Дипломаттардың деңгейі қандай?». «Ұлтшылдарды сәләфиттер басқара ма?». «Қазақ жері Ресейдің полигондарынан құтылуы мүмкін».

2 731 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Жалған ақшаны қалай тануға болады?» - Қазақстан ұлттық банкінің сайтында жергілікті валютаның қорғаныш элементтері туралы ақпарат жоқтың қасы.

«Болашағы жоқ ауылдарды көшіруге кемінде жеті жыл керек» - Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов «болашағы жоқ ауылдарға» бюджеттен қаржы бөлінбейтінін мәлімдеді.

«Әлем чемпионатына қатысатын елдер белгілі» - Футболдан 2014 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алған 32 ел анықталды.

ABAI.KZ.  «Шахановты «қысқартуға» кім тапсырма берді?» - Өзінің сүйікті қазағының жүрек тамырларына үздіксіз рух беріп тұратын Мұхтар Шаханов есімді дара дарынды аластаймыз деген қандай бишаралық еді бұл?

«Дипломаттардың деңгейі қандай?» - Жасыратыны жоқ, соңғы кездері қазақ дипломаттары тарапынан біраз қателік жүз берді.

«Қазақ қызымен танысу арқылы осы елге келдім» - Өзгеден басым түскені сол, ол- елге келген аз уақыттың ішінде қазақша сөйлеп, қазақша ән айту арқылы тыңдарманын тауып үлгерді.

«Әсіре діншілдік неліктен қауіпті?» - Біз ғана «тура жолдамыз» дейтін діні, жүрегі қатты тәкфирші ағымның өкілдері соның мысалы. Олар атеистер тұрмақ, намазы жоқтарды кісі құрлы көрмейді.

MAIDAN.KZ.  «Намаз оқитын студенттер тізімі жасалып жатыр» - Алматыда намаз оқитын студенттер тізімделе бастады. Заңгер мұның адам құқығын бұзу екенін айтады.

SERKE.ORG.  «Ұлтшылдарды сәләфиттер басқара ма?» - Қазақ ұлтшылдарының құрылтайы қарсаңында оның бас ұйымдастырушы Мақсат Нұрыпбаевқа қарсы компромат тасталды.

AIKYN.KZ  «Қазақ жері Ресейдің полигондарынан құтылуы мүмкін» - Премьер елді елең еткізерлік жаңалық айтты. Қазақстан Ресейге еліміздегі полигондарының аумағын бес есе дерлік қысқарту туралы ұсыныс жолдапты.

«Анимация – ұлы өнер» - Қазақ анимациясы жайлы жиі айтылады. Ал ондағы жас аниматорлардың жайынан мүлде бейхабармыз. Олардың қандай туындылар түсіріп жатқанын білмейміз.

«Туристерді тасымалдайтын ұшақ жетіспейді» - Қазақстан туристік қауымдастығы: шет елдерге сапарға шығатын туристерді тасымалдайтын әуекомпаниялардың санын көбейту керек.

ULT.KZ.  «Қоғамдағы ашу-ызаны қалай бәсеңдетеміз?» - Қазіргі уақытта Қазақстан халқының басым көпшілігі ашулы. Адамдар стресс жағдайында өмір сүруде.

TURKYSTAN.KZ.  «Трансшекаралық өзендер: проблемалары мен қазақстанға төнген қатері» -  Енді бірнеше жылдан кейін бір тамшы судың құны мұнай мен газ, алтынның бағасынан қымбат болады екен.

ALASHAINASY.KZ. «Тұтынушылық несие бойынша мәлімет қателікке бой ұрған ба?» - Банк секторының берген тұтыну несиесі халықтың табыс деңгейінен екі есеге асып кеткен.

 

 

 

 

 

 

          

22 қараша 2013, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.