Атырау, 5 мамыр 18:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Жағалауды тазалады

2 666 просмотра

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Жайық-Каспий бассейнінің таза жағалауы үшін" айлық акциясының қорытындысын шығарды.

Жайықтың Атырау мен теңізге дейінгі жағалау белдеуін қоқыстар мен өсіп кеткен қамыстардан тазарту жүргізілді. Табиғат қорғау прокуратурасымен бірге акцияға жер, балық қорғау инспекциялары, су полициясы, көліктік бақылау жєне басқа да бір қатар мемлекеттік органдар қатысты.

Алайда акция тек қоқыс жинаумен шектелген жоқ.

Рейд кезінде қатысушылар Балықшының тұрғын үй секторында жағалау аймағын жеке кеме айлағына айналдырған үйге назарын аударды.

- Біз осы учаске бойынша құжаттарын сұраттық. Осы үй иелерінің жаға аумағын қолдануының заңдылығын тексеретін боламыз, - дейді мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Қайрат ӨТЕУЛИЕВ. - Сонымен қатар, Жұмыскер ауылы аймағында батып кеткен кемелердің иелерін іздеп жатырмыз. Сот арқылы кеме иелерінің мемлекет қаржысына емес, өз қаражаттарымен кемені жер бетіне шығаруына қол жеткізетін боламыз.

Акция барысында 20-дан аса рейд жүргізіліп, заңсыз балық аулаудың 60 фактісі анықталды, 77 балық аулау құралдары мен 69 келі бекіре тұқымдас балық тєркіленді. Үш қылмыстық іс ашылып, 20 адам єкімшілік жауапкершілікке, балық инспекциясының екі қызметкері тєртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тамара СУХОМЛИНОВА  

21 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.