Атырау, 21 желтоқсан 10:17
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

1 934 просмотра

Алматыдан келген қос күміс

Муай-тайдан Қазақстан Кубогына қатысқан «Қайсар» спорт клубының сегіз спортшысы ішінен екеуі күміс медаль иеленді.

71 келіге дейінгі салмақта «Компас-Сервис» ЖШС-нің электр монтаждаушысы, 26 жасар Жұмабек Мыңбай ақтық сынға жету жолында екі жеңісті айқас өткізді, алайда шешуші ұрыста Астана өкіліне жол беріп қойды. 48 келіге дейінгі салмақта облыс намысын «Атырау» қонақ үйінің сату бойынша менеджері, 27 жасар Екатерина Тамбовцева қорғады. Жеребе жолдас болып, ол бірден финалға шықты, алайда ақтық сында оңтүстік астаналық қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберіп қойды.

Облыстық муай-тай федерациясының вице-президенті, «Қайсар» спорт клубының басшысы Айбат РАХМАН былай дейді:

- Жалпы, біздің спортшылар республикалық жарыстарда көптеген жүлделерге ие болып жүр. Көбі бас жүлделер. Бұл жолы мықты қайсарлықтар Тайландқа республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оқу-жаттығу жиындарына кетті. Бұлар: 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Әлем Кубогының жеңімпазы Ишан Ғалиев, 2013 жылғы Әлем Кубогының жеңімпазы Дидар Болатов, 2012 жылғы ӘЧ-ның күміс жүлдегері Батырхан Мұхитов және Балқан елдері кубогының қола жүлдегері Әлішер Мұхтаров. Алматыда өткен ҚР Кубогына спортшыларды жіберуге «Қайсар» клубының қаржысы болмады. Жарысқа жолсапарларына өздері ақша тапқан спортшылар қатысты. Олардың көпшілігі мұндай маңызды жарыстарға бірінші рет қатысып отыр. Сондықтан да екі «күміс» - жақсы нәтиже.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

 

Жарысқа толы каникул

Күзгі каникул күндерінде самбодан 1-БЖСМ біріншілігі өтті.

Турнир жеңімпаздары: 2002-2004 ж.т. ер балалар арасында 24 келіге дейін –Аян Қожантай, 27 келіге дейін – Азамат Жанболатов, 30 келіге дейін – Айбек Құсанов, 34 келіге дейін – Диас Ізмұхан, 38 келіге дейін –Мәдениет Құлман. 1999-2001 ж.т. ер балалар арасында 35 келіге дейін – Айдос Жанболатов, 38 келіге дейін – Абзал Күзембаев, 40 келіге дейін – Асқар Есбосынов, 42 келіге дейін – Абылай Түгелбаев, 46 келіге дейін –Бексұлтан Төлегенов, 55 келіге дейін – Нысанбай Орынбасов, 55 келіге дейін – Ерасыл Әлжанұлы.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.