Атырау, 26 қараша 12:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тілшілер де комиссия мүшесі

1 541 просмотра

«Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында «Мемлекеттік қызмет және БАҚ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы,Тәртіптік кеңестің төрағасы Мұхит ІЗБАНОВ енді мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде аттестациялық комиссия құрамына қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері кіретінін мәлім етті.

«Атырау» газетінің бас редакторы Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ журналистерге мемлекеттік қызметшілер мәртебесін беруді ұсынды. Ал «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Ринат ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ тілшілердің атқарушы органдардан толық мәліметтерді уақытында ала алмауы мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бұл тұрғыда әкімдіктердің басқармаларымен және бөлімдермен жұмыс істеу қиын. М. Ізбанов бұған: «Ондай келеңсіздіктер болса, хабарлаңыздар, тәртіптік кеңесте қарайық», -  деп жауап берді.

Мен кейін білгенімдей, негізі журналистерге мемлекеттік қызметші мәртебесін беру мәселесі кеңес заманынан бері айтылып жүр екен. Бірақ, бұл мәселе оң шешіле қоймас, әйтпесе, кезекке  дәрігерлер, мұғалімдер, әртістер, кітапханашылар, спорт жаттықтырушылары және т.б. тұра қалады.

Қайырбек САНСЫЗБАЕВ

21 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.