Атырау, 26 қараша 13:24
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ұсақ-түйек жаманаттың аты дардай

3 969 просмотра

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) облыстық ТЖ департаментінің екі қызметкері мен қалалық салық басқармасының бір қызметкерінің пара алу фактісі бойынша ұсталғандығы туралы хабарлама таратты.

Қаржы полициясының баспасөз хабарламасында қаржы полицейлері пара алу және пара алуға итермелеу фактілері бойынша облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы азамат Н-ға және осы департаменттің технигі азамат А-ға қатысты (ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-тармағы және ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-тармағы, 311-бабының 2-тармағы бойынша) екі қылмыстық істі қозғағаны көрсетілген. Олар «лауазымды және оларға теңестірілген тұлғалар бола отырып, ЖШС-лердің біріндегі автоматтанған өрт дабылы жүйесін пайдалануға қабылдау актісін жедел және кедергісіз мақұлдағаны үшін азамат А-дан 30 мың теңге сомасында пара алған». Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 311-бабының 2-тармағы бойынша Атырау қалалық салық басқармасының жеңілдетілген таратуды жүргізу бөлімінің жетекші маманы азамат К-ге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол да «лауазымды тұлға бола тұрып», ЖК тарату кезінде өсімақы мен айыппұлды есепке алмағаны үшін азамат Б-дан өзінің «Қазақстанның Халық банкі» АҚ кәртішкелік шотына аудару арқылы 80,8 мың теңге сомасында пара алған. Қылмыстық істер сотқа жолданды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 қараша 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.